Жұма, 22 Қараша 2024
4749 0 пікір 26 Қыркүйек, 2017 сағат 09:05

Telia компаниясының бұрынғы басшысына Өзбекстанда пара берді деген айып тағылды

Швеция прокурорлары Telia компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Ларс Ньюбергті Өзбекстанда 3G желісі жұмысына лицензия алу үшін пара берген деп айыптады. Өткен аптада швед компаниясы АҚШ және Нидерланды биліктеріне 1 миллиард доллар көлемінде айыппұл төлеуге келісті. Бұл Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнара Кәрімоваға қатысты жемқорлық қылмысына байланысты болып отыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 22 қыркүйекте Швеция прокуратурасы Telia компаниясының (бұрынғы TeliaSonera) бұрынғы басқарушы директоры Ларс Ньюберг пен осы компанияның тағы екі менеджеріне айып белгіледі.

Еске салайық, бір күн бұрын, 21 қыркүйекте Өзбекстанда Ucell брендімен жұмыс істейтін Telia АҚШ және Нидерланды билігіне Өзбекстанға қатысты жемқорлық қылмыстарды реттеу үшін 965 миллион доллар төлейтінін жариялаған еді.

Telia мен АҚШ әділет министрлігі арасындағы келісім бойынша, швед компаниясы үш жыл бойы тергеу ісі бойынша әріптес болады. Дегенмен Ларс Ньюбергтің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарды.

«Ұзаққа созылған іс Ньюбергті ақтап шығады деп ойлаймын. Өйткені оны айыптауға негіз жоқ», – деді оның адвокаты Стефани Плейела.

Еске салайық, 2013 жылы Ларс Ньюберг пен Telia компаниясының тағы төрт топ-менеджері отставкаға кетті. Еуропада жүргізілген тергеу нәтижесі бойынша, Ларс Ньюберг Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнара Кәрімоваға миллиондаған пара бергені белгілі болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318