Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4209 0 пікір 22 Қыркүйек, 2017 сағат 09:28

«Астана EXPO-2017» көрмесі: жаңа технологиялар қолданысқа енгізілуде

 

ЭКСПО көрмесі аяқталысымен оның қорытындылары мен көрмеде ұсынылған жаңа технологияларды пайдаға асыру қолға алынбақ. Энергетика министрлігі көрмеге қойылған жаңа технологияның 105 түрін іріктеп алыпты. Енді бұл жобалар қолданысқа енгізілмек. Қазірдің өзінде 9 компания 42 технологияны іске асыруды жоспарлауда. Ал 12 жобамен әкімдік айналысса, 14-ін жоғарғы оқу орындары ғылыми - зерттеу мақсатында пайдаланады дейді Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев. Оның мәліметінше,2020 жылға таяу электр энергиясындағы баламалы қуат көздерінің үлесін 3 пайызға дейін жеткізу көзделуде.  Бұл көрсеткіш былтыр 1 пайызды құраған. Оған қоса, Мырзағалиев Еуропалық қайта құру және даму банкі жаңартылатын энергияны дамыту үшін бізге 200 млн доллар бөлуді жоспарлап отырғанын, одан өзге қаржы ұйымдары тарапынан 480 млн шетел валютасы тартылатынын айтты. Сарапшылар бұл технологиялардың тізімі кеңеюі мүмкіндігін болжайды. Бірақ, технологияларды іріктеп алғаннан кейін  оны енгізгенге дейін біраз уақыт қажеттігін ескертеді. Бастама тиісті ресурстар бөлуді қажет етеді. Себебі бұл жобалардың экономикалық және экологиялық, әлеуметтік  тұрғыдағы тиімділігі орасан зор деп бағалануда.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371