Қазақстан Астана декларациясында трансконтиненталдық қауіпсіздік жүйесінде ЕҚЫҰ рөлін арттыру қажеттігін бекітпекші
Алматы. 30 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қауіпсіздіктің халықаралық және аймақтық құрылымдарындағы ЕҚЫҰ рөлін нақыталауды ұсынады. Және ол Астана саммитінің қорытынды декларациясында бекітіліуі тиіс, деп есептейді ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
«Қауіпсіздіктің халықаралық және аймақтық құрылымдарындағы ЕҚЫҰ рөлін нақытырақ анықтау қажет, басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық және үйлестіру деңгейін 1999-шы жылғы коопреативтік платфоорма негізінде көтеру керек», - деді Қ. Саудабаев сейсенбі күні ЕҚЫҰ ПА бюро отырысында сөйлеген сөзінде. Оның сөйлеген сөзінің мәтінін ҚР СІМ баспасөз қызметі таратты.
Ол Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде мемлекетаралық құрылымдардың қауіпсіздік саласындағы тиімді ынтымақтастығына септігін тигізуге ұмтылғанын еске салды. Олардың «прагматикалық диалогы трансконтиненталдық қауіпсіздік белбеуін құрудың негізін қалауға бағытталған», - деп атап көрсетті дипломат.

Ол саммиттің қорытынды құжатының мазмұны бойынша консенсусқа қол жеткізу маңыздылығына ерекше тоқталып, оның саммит жұмысының нәтижелігінің көрсеткіші болатынын атап өтті. «Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінің қорытынды отырысында саммиттің қорытынды құжаттарының ақтық нұсқасы қарастырылып отыр. Оны біздің елдердің басшылары қабылдауы тиіс. Осыған байланысты Астана декларациясының мазмұндық негізін қалайтын кейбір міндетті компаненттеріне тоқтағым келеді», - деді Қ. Саудабаев ЕҚЫҰ ПА бюросының отырысына қатысушыларға қаратып.
Ол сондай-ақ, біздің аймақтағы қару-жарақты бақылау мен сенім шаралары режимін нығайтуда күш жігерді жандандыруға нақты серпін беру қажеттілігін декларацияда көрсету маңызды деп есептейді. «Трансұлттық қауіп-қатерлерге, оның ішінде Ұйымның аумағынан тыс жерлердегі де қатерлерге, атап айтқанда Ауғанстаннан төнген қауіп-қатарге қарсы күресте ЕҚЫҰ қызметін күшейту қажет», - деп ұсынды мемхатшы.
Оның пікірінше, декларацияда «шиеленістердің алдын алуда, болдырмауда және шешуде, дағдарыстық жағдайды басқаруда және шиеленістен соңғы сауықтыруда ЕҚЫҰ әлеуеті нығайтылсын» деген пункті бекіту керек. ЕҚЫҰ жауапкершілігіндегі аумақта шиеленістер қаупін төмендету үшін ұлтаралық және дінаралық толеранттық мәселесіне ерекше назар аударылуы керек, деп есептейді мемхатшы.
Қ. Саудабаев ЕҚЫҰ негізге алынатын ұстанымдары – құқық пен адам құқығы және оның негізгі бостандықтарын сыйлау үстемдігі – келешектеде қауіпсіздік қауымдастығының мызғымас бөлігі болатынын атап көрсетті. Осыған байланысты «біздің елдерде еті тірі, белсенді азаматтық қоғам жұмысы мен оны қалыптастыруды қолдау» қажет, деп есептейді ол. Ал экономикалық еркіндік, әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны қорғау мәселесіндегі жауапкершілік жалпы қауіпсіздіктің бір бөлігі болып қала беруі керек.
«Жоғарыда аталғандардың барлығы, оның ішінде біздің ынтымақтастығымыздың нақты мақсаттары мен бағдарларын, негізгі бағытын айқындайтын іс-әрекет жоспары Астана саммитінің қорытынды құжатында қандай түрде де бекітілуі тиіс», - деп атап көрсетті Қ. Саудабаев.