Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Дін 12193 25 пікір 27 Қыркүйек, 2017 сағат 11:59

Адаспаңдар, ағайын!

Құрбанәлі Ахмет қажы сопылардың ішіндегі адасқандардың бірі ретінде танылған. Бір кездері, әсіресе, қасиетті Құранның сөздерін бұрмалағаны үшін дінтанушылар тарапынан наразылыққа ұшырағанын жақсы білеміз. Егер Құрбанәлі таза дін жолмен жүрсе, адамдарға аяқтарын сүюге, оған еңкейіп табынуға рұқсат бермес еді ғой. Құрбанәлінің өзіне табындыру әрекеті тіпті Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ыннан асып кетіп тұр.

Екеуін салыстырайық, әлеуметтік желілерде Корей диктаторының видеоларын қарасаң, халық жүгіріп келіп, қолынан ұстап, секіріп жылап жатқанын көреміз. Бірақ, Құрбанәлінің аяғына жығылғанындай, корейлердің басшыларының аяқтарын сүйіп жатқанды мүлде көрмейсің. Бейнежазбаны қарасаңыз,  табынушылары пірлерінің аяғын жерге тигізбей ақ кілеммен алып келеді. Корей басшысы қатыгез, диктатор болып танылса да, халқы оны Құрбанәліні қарсы алғандай, ешкім көтеріп қарсы алғанын мүлде көрмейміз.

Сонда Құрбанәліның бұл жерде диктаторлығы ма, қатыгездігі ме?! Әлде сол пенденің сандырағына сеніп, құдайындай табынушылардың соқыр сенімі ме? Құрбанәлі қажының оларды өздеріне көндірген сиқырлы әрекеттері ме?  Адасқан ағайындардың жылап, Алла Тағаланы ұлықтау дұғасы - «Аллаһу Акбар» деп айтып, бірақ пенде Құрбанәлінің аяғын сүйіп, тіпті арт жақ киімін қолмен ұстап, маңдайына тигізіп жатырқанын көресің. Тіпті Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызды құрметтеп, қадірлесе де, аяғын сүйіп, былай ешкім табынбаған. Ойланайық!

Талғат Қатауов, қоғам белсендісі

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019