Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4779 0 пікір 28 Қыркүйек, 2017 сағат 11:59

Қарағандыда Қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері  талқыланды

25 қыркүйекте Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Азаматтық қоғам істері комитеті және Қарағанды облысының әкімшілігі бірлесе ұйымдастырған «Қоғамдық кеңестер: әрекет ету мәселелері және көкжиектері» республикалық конференциясы өтті.

Конференцияға республикалық және аймақтық қоғамдық кеңестер өкілдері, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

«Қоғамдық кеңестер іс-тәжірибесі  қазіргі таңда  тиімді әрекет ететін қоғамдық институттың, және де азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіретін бірегей диалог алаңының  құрылғаны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді»,- деп  конференцияға қатысушылар атап өтті.

«Рухани жаңғыру» аясында Қоғамдық кеңестердің орны мен ролінің артуы қоғам мен мемлекет арасында шынайы диалог тетіктерін құруға жағдай жасайтын маңызды міндет болып табылады.  Еліміздегі Қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру үшін бар күшімізді саламыз», - деп айтты Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкенов.

«Рухани жаңғыру» мақсаттарына жету үшін біз азаматтық қоғаммен жұмыс жасаудың пішінін өзгертуіміз керек. Жергілікті Қоғамдық кеңестер – бұл бір емес бірегей мүмкіндік, керек десеңіз, аймақтық әлеуметтік мәселелеріне аса жауапкершілікпен қарайтын аймақтық элитаны құру және тәрбиелеу тетігі болып табылады.»,- деп белгілі саясаттанушы Е. Саиров атап өтті.

Белгілі қоғам қайраткері  А. Соловьева айтып өткендей: «Қоғамдық кеңестер – қоғамның әлеуметтік жаңғыруына себеп болатын басты шарт ретінде  және адамзат капиталының даму индексін биік жетістіктерге апаратын  қоғам мен мемлекет арасындағы  бірегей байланыс әдісі».

Қазақстандық қоғам әлеуметтік жаңғыру мен рухани прогресске бет түзеді.

«Әлеуметтік жаңғырудың маңызды элементі   технологиялық ойлау деңгейіне сапалы түрде өту және де заманауи талаптарға сәйкес, әлеуметтік және рухани ұйымдастырудың ең озық әдістерін игеру    болып табылады. Дегенмен, Қоғамдық кеңестердің қызметінде заңнамалы қамтамасыз етуді қажет ететін мәселелер бар. Қоғамдық Кеңестер жөніндегі  заңға өзгерістер енгізу өзекті»,-деп Парламентаризмді дамыту қорының төрайымы  З. Батталова атап өтті.

Конференцияға қатысушылар «Заман ағымына сәйкес білімге қабілеттілік, жаңашылдықтан қорықпаушылық – бұл біздің мәдениетіміздің, сақтап қана қоймай, дамытып тарататын бәсекелес басымшылдығы», - деп санайды.

Конференция аясында «Рухани жаңғырудың» өзекті мәселелері жөнінде, және де осынау жасампаз үрдістегі  қоғамдық кеңестердің орны мен ролі туралы пленарлық  отырыс, панелді пікірталас, семинар, тренинг турінде секциялық мәжілістер өткізу жоспарлануда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314