Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2700 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 05:12

Wikileaks жарияланымдары қазақстан-американдық серіктестікке ешқандай әсер етпейді – Саудабаев

Астана. 1 желтоқсан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың айтуынша, Wikileaks жарияланымдары қазақстан-американдық серіктестікке ешқандай әсер етпейді.

«Болған оқиға (Wikileaks-тегі жарияланымдар – ҚазТАГ), ол біздің жұмысымызбен қатар жүретін табиғи шығындар. Сондықтан біз ол оқиғаға мән бермейміз», - деді ол сәрсенбі күнгі брифингте.

«Мен, өз елімнің сыртқы істер ведомствосының басшысы ретінде жауапты түрде ол жарияланымдардың американ-қазақстан стратегиялық серіктестігіне ешқандай әсер етпейтіндігін мәлімдеймін», - деді ол.

Өз кезегінде АҚШ мемхатшысы Хиллари Клинтон Wikileaks-тегі жарияланымдарға қатысты «маған ешкім де алаңдаушылығын білдірген емес» деп атап өтті. «Қандай да мемлекет бізбен жұмысты немесе маңызды мәселелерді талқылауды тоқтатқандығы туралы әңгіме болған емес», - деді ханым.

Оның айтуынша, жарияланымдар «американдық дипломатияға ешқандай да әсер етпейді».

«Мен адамдарда осындай кейін көптеген сауалдар туындайды деп және біз де бүкіл әлемдегі серіктестерімізге осы сауалдарға жауап берерміз деп күтемін», - деп тұжырымдады АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Еске салсақ, құпия материалдарды жариялаумен айналысатын WikiLeaks интернет-порталы 29-шы қарашада американдық дипломатияның 250-ден астам құпия қызмет құжаттарын жариялады. АҚШ елшілері мен консулдарының дипломатиялық хаттары әлем саясатының көптеген тұстарын қамтыған. Атап айтқанда, онда Ресей, АҚШ және Израиль арасындағы «құпия» келісімдер туралы әңгіме болады. Сондай-ақ Wikileaks-тегі жарияланымдарда әлем саяси лидерлері – РФ президенті Дмитрий Медведев, премьер-министр Владимир Путин, Германия канцлері Ангель Меркель, Франция президенті Николя Саркози туралы қатты айтылған сын пікірлер де бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364