Ресейге саяси тәуелділік һәм бензин неге тапшы?
1. Елімізде 3 НПЗ (мұнай өңдеу зауыты) бар. Бар күшін қосса, сол үшеуінің қуаты елдің ішкі нарығын қамтамасыз етуге толық жетеді. Ол тіпті КСРО кезінде астық алқабында жүздеген мың ауыр техника жүргенде де ішкі нарықты қамтыған. Тіпті жанармайды жерге төккен де сәттер болды. Ал енді жетпей жатыр.
2. Жаңа технология алдық, соған қарамастан ол толық істеп тұрған жоқ. Неге?
3. Еліміздің нарығының біраз бөлігін Ресей қамтамасыз етеді. Демек ол бізге мың жерден жаңа технология алсақ та, бейресми түрде НПЗ-ларды бар қуатымен қолдануға мүмкіндік бермейді. Ал біз ресми түрде түрлі сылтау табамыз, бірақ оның ішінде шынайы себебі айтылмайды.
4. Мұнай - арзан, бірақ бензин қымбат. Жүн арзан болса да, одан жасайтын киім қымбат болары сөзсіз. Киімде арзан болмақ, егер зауыт өзіңде болса. Дәл сол сияқты бізде де шикізат болғанмен, жанармай жасау зауыты толық қуатында емес. Жоғарыда себебін айттық.
5. Ресейден толық саяси тәуелсіз болмай, бұл мәселе шешілмек емес. Талонмен бензин алу толық тәуелсіздікке дейін жалғаса бермек. Ал толық тәуелсіздік алғанда, бізге тағы бір НПЗ салу қажет болмақ!
Асхат Қасенғали
Facebook-тегі парақшасынан