Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3394 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 06:22

Ресей 2018 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды

Алматы. 3 желтоқсан. ҚазТАГ - Ресей 2018 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлайды.

Дауыс беру шарасының финалында Ресей өзінің бәсекелестері – бірлесіп өтініш берген Испания мен Португалиядан төрт дауыс көп жинады. Дауыс беру бейсенбі күні Цюрихте ФИФА конгресінде өтті.

2018 жылы әлем чемпионатын өткізуге үміттенген басқа елдердің ішінде Англия, бірлесіп өтініш берген Бельгия мен Голландия болған.

Мундиальды өткізуге берген Ресейдің өтінішіне вице-премьер Игорь Шувалов, РФ спорт, туризм және жастар саясаты министрі Виталий Мутко, Ресейдің футбол одағының бас директоры Алексей Сорокин, Ресейдің футбол құрамасының капитаны Андрей Аршавин және қадамен секіруден олимпиада чемпионы Елена Исинбаева өкілеттік етті.

Осы конгресте 2022 жылғы чемпионатты ұйымдастыратын мемлекетті сайлау бойынша да дауыс берілді. Бұл құқық Катарға берілді. Оның бәсекелестерінің ішінде Аустралия, Оңтүстік Корея, Катар, АҚШ және Жапония болды.

Дауыс беру қорытындысы жария етілгеннен кейін РФ премьер-министрі Владимир Путин ФИФА өкілдерімен чемпионатты өткізу мәселелерін талқылау үшін Цюрихке баратынын айтты. Ресей үкіметі басшысының баспасөз қызметі Цюрихте баспасөз мәслихатын өткізетінін мәлім етті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371