Оңтүстік Қазақстанның онкодиспансерінде бірегей ультрадыбыстық жүйе орнатылды
Шымкент. 3 желтоқсан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстаноблысының онкологиялық диспансерінде көпфункционалды бірегей ультрадыбыстық жүйе орнатылды, деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Ильхам Ибрагимов.
«Қондырғы сүт бездерінің қатерлі ісігінің нақты диагностикасын жасауға, сондай-ақ, зияны жоқ ұсақ ісіктерді сау тіндерге зиянын тигізбей жоюға мүмкіндік береді», - деді ол.
Америкада шығарылған жаңа аппаратты игерген дәрігерлер де осыны қуаттады. «Бұдан басқа, бұл аса сезімтал ультрадыбыстық аппарат, биопсиялық материал алуға арналған стерильді зондылары бар вакуумдық қондырғысы бар», - деп мәлім етті ультрадыбыстық диагностика дәрігері Марина Қылышбаева.
Оның айтуынша, зерттеуге алынған тіндер олардағы өзгерістер туралы ерте кезеңде ақпарат бере алады. Сонымен бірге, аппараттың арнайы инесі бар вакуумдық қондырғысы бар, ол зияны жоқ ісіктерді алып тастауға мүмкіндік береді.
«Бұл ине айналып, ісікті өзі іздейді. Ал УДЗ дәрігері қай бағытта қозғалу керектігін нұсқап отырады»,-деп мәлім етті ОҚО денсаулық сақтау департаментінің бас маммологы Рустам Мадалиходжаев.