Сенбі, 23 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 5321 2 пікір 13 Қазан, 2017 сағат 01:22

Ресей Қырғызстанның барлық қарызын кешіре ме?

Алмазбек Атамбаевтың биыл маусым айында Ресейге барған сапары кезінде Қырғызстанның Ресей алдындағы барлық қарызын мерзімінен бұрын өшіру жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл жөнінде парламенттің қарауына жіберілген келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасында айтылған.

Заң жобасын ұсынушы қаржы министрлігі Ресей 2012 жылы Қырғызстанның 488,9 млн доллар қарызын өшіруге келісім бергенін айтады. 2013 жылы Ресей 188,9 млн долларды алып тастаған. Қалған 300 млн долларды алдағы 10 жыл ішінде өшіру керек болған.

2017 жылдың 20 маусымында қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың Ресейге барған сапары кезінде 2012 жылдан бергі қарызды мерзімінен бұрын өшіру жөнінде келісімге келген.

Қырғызстанның қаржы министрлігінің хабарлауынша, 240 млн доллар көлеміндегі қарызды Ресей кешірсе, елдің ІЖӨ 3,8 пайызға өседі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480