Ақмола облысында жолаушылар поезымен «КамАЗ» қақтығысуынан үш адам зардап шекті
Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Ақмола облысында «КамАЗ» автомашинасының № 621 «Арқалық-Қостанай» жолаушылар поезымен соқтығысуынан поездың екі жолаушысы жарақаттанып, автомашина жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ТЖМ.
Ведомство мәліметтерінше, ЖКО кешегі жұмадағы 18 сағат 27 минутта Ақмола облысының Жарқайың ауданы Державинск-Кенская асуының 105-ші шақырымында орын алған.
ЖКО салдарынан 64 жасар әйел мен ер азамат аздаған жарақат алып, медициналық көмектен соң үйлеріне жіберілген, 35 жасар автомашина жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
«Темір жолды тазартып, тепловозды алмастырған соң, 22 сағат 15 минутта поезд өз бағытымен жіберілді. Поездың кешігуі 3 сағат 48 минут болды», - деп хабарлады ТЖМ.