Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5130 1 пікір 16 Қазан, 2017 сағат 14:26

"Жаны жайсаң жандар" атты естеліктер жинағы жарық көрді

Қазанның 20-жұлдызында Алматыда орналасқан Ықылас атындағы халықтық музыкалық  аспаптар музейінің концерт залында белгілі қаламгер, өнертанушы, өнер жанашыры Жұмабек Құтжанұлы Табының шығармашылық кеші өтеді.

Кеш барысында Жұмабек Құтжанұлының "Жаны жайсаң жандар" атты естеліктер жинағының тұсаукесері өткізіледі. Тұсаукесер рәсімі кешкі сағат 17:00-ге жоспарланған.

Әндер айтылып, сырлар шертілер керемет кешке Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкімән, Нұржан Жанпейімов, Ұлжан Байбосынова бастаған өнер қайраткерлері келіп қатысады.

Айта кетейік, Жұмабек Құтжанұлы Табынның бұл жинағына Қажытай Ілиясұлы, Темірше Сарыбаев,  дүлдүл әнші марқұм Рымтай Бөдесовтер туралы естеліктері енген.

Сондай-ақ, әр жылдарда Республикалық "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті", "Жас қазақ", "Қала мен дала", "Айқын","Алматы ақшамы", "Президент және Халық" гәзеттерінде жарық көрген естеліктер еніп отыр.

Жинақ "Үш-Қиян" баспасынан 1000 данамен басылып шыққан. Жұмабек Табынның айтуынша, жинақтың жарық көруіне тікелей демеушілік көрсеткен "Үш-Қиян" баспасыынң директоры - Махмұт Қосмамбетов дейтін азамат.

Сырлы сұхбат, әсем ән, күмбір күйлі кешке келіңіздер.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5473