Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2525 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 04:20

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен ұшырылған «Глонасс-М» спутниктер блогы Тынық мұхитқа құлады – Роскосмос

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Жексенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен ұшырылған «Глонасс-М» спутниктер блогы Тынық мұхиттағы кеме жүрмейтін аумаққа құлады. «Ұшырылудан 10 минут өткен соң орбиталық блоктың зымыран тасымалдағыштың үшінші сатысынан ажырауы болды.

Телеметриялық талдаулар ғарыштық аппараттардың есептік орбитаға шықпағанын көрсеткен. Оқиға себептерін анықтау және алдағы іс-щаралар жөніндегі комиссиясы құрылды», - деп хабарлады федералды ғарыш «Роскомос» агенттігі.

Сонымен қатар РФ ғарыш-зымыран саласында дереккөздері бар ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, ресейлік навигациялық Глонасс тобын қалыптастыруды аяқтау үшін ұшырылған барлық үш спутник те Гонолулу (Гавай аралдары) қаласынан – америкалық Гавай штатының әкімшілік орталығы - 1500 км жердегі  кеме жүрмейтін Тынық мұхитқа құлаған. Ресейлік БАҚ-тар М.В.Хруничев ат. ҒӨО-ға сілтемелеп, Глонасс спутниктерін орбитаға шығару барысында тетіктер қызметінде бұзылыс орын алғанын растап отыр. «Глонасс» жүйесіндегі үш ғарыштық аппараты бар «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен жүргізілген ұшырылу жексенбі күні 13.25 минутта (мәс) қалыпты режимде өткен. Ұшырылудан соң он минуттан кейін орбиталық блоктың үшінші сатыдан ажырауы болды. Бірақ ғарыш аппараттары белгіленген орбитаға шықпай қалды. Қазір мамандар орын алған штаттан тыс жағдайдың себебін анықтауда», - делінген орталық хабарында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392