Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3636 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 23:06

Батыс аймақ қазақтарының құрылтайы: pro & contra

 

Серік Жолдасбай. Хамелеон Қажекең енді не дер екен?

Алашордашылардың еңбектерін ерінбей оқып шықсаңыз кешегі мен бүгінгінің арасында еш айырма жоқ екенін аңғарар едіңіз. Мәселен күні кеше «кіші жүздің», кейіннен «батыс қазақтарының», сонан соң «Ұлтшыл реформаторлар Платформасының 1-ші» құрылтайы болып сан құбылған жиынның жыры кезінде алаштықтарды да айналып өтпеген екен. Р.Марсековтің «сиез өткізу» талабына осыдан 98 жыл бұрын, нақтырақ айтсақ 1913 жылы А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы, сондай-ақ Қыр баласы қырын қараған көрінеді.

Өткен аптада Мәжіліс депутаты Қалижан Уәлихан: «Ағымдағы жылдың 17 қарашасында «Дат» газетінде «Құылтай мен сұқылтай» атты мақала жарық көрді. Газет тілшісі Серік Жолдасбай мырза қазақ халқын ғана емес, бүкіл Қазақстан халқын алаңдататын материал жариялады. Журналист «Қазақ елі Батыс аймағы қазақтарының 1-ші құрылтайы» туралы сараптамалық мақала жариялап, оған алаңдаушылық білдіреді. Расында, газеттің де, журналситің де мақаладағы көзқарасын құптап қана қоймай, қолдайтымды мәлімдеймін» дей келе: «Құрметті Нұртай Әбіқайұлы! Сізден газетте жарияланған ақпараттты тексеріп, алыпқашпа әңгіменің ақиқатын анықтауды және ол расталған жағдайда тиісті шара қолдануды сұраймын» деп ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевқа депутаттық сауалнама жолдапты.

 

Серік Жолдасбай. Хамелеон Қажекең енді не дер екен?

Алашордашылардың еңбектерін ерінбей оқып шықсаңыз кешегі мен бүгінгінің арасында еш айырма жоқ екенін аңғарар едіңіз. Мәселен күні кеше «кіші жүздің», кейіннен «батыс қазақтарының», сонан соң «Ұлтшыл реформаторлар Платформасының 1-ші» құрылтайы болып сан құбылған жиынның жыры кезінде алаштықтарды да айналып өтпеген екен. Р.Марсековтің «сиез өткізу» талабына осыдан 98 жыл бұрын, нақтырақ айтсақ 1913 жылы А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы, сондай-ақ Қыр баласы қырын қараған көрінеді.

Өткен аптада Мәжіліс депутаты Қалижан Уәлихан: «Ағымдағы жылдың 17 қарашасында «Дат» газетінде «Құылтай мен сұқылтай» атты мақала жарық көрді. Газет тілшісі Серік Жолдасбай мырза қазақ халқын ғана емес, бүкіл Қазақстан халқын алаңдататын материал жариялады. Журналист «Қазақ елі Батыс аймағы қазақтарының 1-ші құрылтайы» туралы сараптамалық мақала жариялап, оған алаңдаушылық білдіреді. Расында, газеттің де, журналситің де мақаладағы көзқарасын құптап қана қоймай, қолдайтымды мәлімдеймін» дей келе: «Құрметті Нұртай Әбіқайұлы! Сізден газетте жарияланған ақпараттты тексеріп, алыпқашпа әңгіменің ақиқатын анықтауды және ол расталған жағдайда тиісті шара қолдануды сұраймын» деп ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевқа депутаттық сауалнама жолдапты.

Байғұс «қасқырдың аузы жеседе қан, жемеседе қан» деген рас екен. Мәжіліс деупутаты Қалижан Уәлиханның мәлімдемесін сан саққа жорушылар, оны жерден алып жерге салуда. Интернет-форуда «абайлық» оқырман: «Құрылтай өтеді деген сыбысқа депутаттар өре түрегеліп ҰҚК дейін шыққанын қарашы? Есепсіз кетіп жатқан байлық, елімізге кіріп жатқан қаншама діни секталар ешқайсысын «қызықтырмайды»» деп пікір білдіріпті. Құрметті оқырман, сіздің алдыңғы пікіріңіз ағаттау болғанымен кейінгі уәжіңізге қосыламын. Оралда өткелі отырған құрылтай қарапайым қазаққа еш пайда әкелмейді. Себебі оны ұйымдастырушылар жұмысын бастамай-ақ қоғамға жік салып үлгерді. Мәселен құрылтайға байланысты «Абай» ақпараттық порталында бірнеше мақала жарық көрді. Ондағы оқырманның пікірлерін ерінбей оқып шықсаңыз төбе шашыңыз тік тұрады.

Қажымұхан  Хабдолла  бастапқыда «кіші жүздің» құрылтайын өткіземін дегені бесенеден белгілі. Оған дәлел Қажекең кіші жүздің құрылтайын өткіземін дегенде, есімін атамауды сұраған азамат «мұның дұрыс емес» деген екен. Алғашқы ойынан «айныған» ағамыз «Қазақ елі Батыс аймағы қазақтарының 1-ші құрылтайы» деп еді. Қысқа күнде қырық құбылатын хамелеон Қажекең енді басқа «ән» айтып отыр. Бұл жолы «Ұлтшыл реформаторлар платформасының құрылтайы» болып бекіді. Бекіді дегеніміз бекер-ау деп отырмын. Себебі наурызда өтуі тиіс құрылтайға  ұйымдастырушылар әлі де болса бірнеше ат қойып үлгере алады.

Интернет-форумдағы оқырманның бірі: «Ұлтшыл реформаторлар платформасының құрылтай шақырылымы» деген - бүркеншек ат. Негізі бұл кіші жүздің құрылтайы» десе, екіншісі: «Тәуелсіздігіміздің баяндылығы үшін күресейік. Кіші жүз құрылтайында Ресеймен Кедендік одақ туралы мәселені көлденең қояйық» деп алғашқы азаматтың пікірін қуаттай түседі. Ең сорақысы: «Қадыр Мырза-Әлінің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әні - кіші жүздің гимні болып есептеледі. Бұл екі автор да Кіші жүз өкілдері. Нақтырақ айтар болсақ - Орал облысының азаматтары. Жасасын Кіші жүз! Жасасын, Оралдағы ұлттық құрылтай!» немесе: «Орта және кіші жүз өкілдері Оралдағы құрылтайда бірікпесеңдер; Мәңгі шапыраштының құлы боласыңдар!» деп ұран тастаған екен. Біз мынаны түсіне алмадық; егерде бұл кіші жүздің құрылтайы болса, қалайша «Оралдағы ұлттық құрылтай!» болады? Меніңше бұл арада «ұлттық» сипат мүлде жоқ.

Өкінішке қарай Қажымұхан Хабдолла өз сұхбаттарында: «Жігіттер, бұл кіші жүздің емес, «Ұлтшыл реформаторлар платформасының» құрылтайы. Жүз жүзге бөлінуді қойыңдар. Тоқтатыңдар бейбастықты» дей алмады.  Мүмкін дегісі келмеген шығар. Қуантарлық бір жәйт ұлтшыл азаматтардың ішінде: « плюсМен өзім кіші жүзденмін, алайда бұл құрылтайға қарсымын. Қазіргі заманда жүз дегенді қою керек, бұл қауіпті» деп пікір білдірушілерде жетерлік. Осыған қарап «Аллаға шүкір» дестік.

Мақаланың кіріспесінде алашордашыларды тілге тиек еткеніміз тегін емес. Дәл бүгінгідей жағдай алашордашылардың заманында да болған екен. «Айқап» журналының 10-шы нөмірінде қазақтың басын қосу үшін құрылтай өткізу мәселесін Р.Марсеков көтереді. Іле шала сиез өткізу керектігін айтып Жұбекен Тілеубергенов пен Омарғали Хангерейұлы, сондай-ақ Сауырбай Тоқбайұлы «Қазақ» газетіне мақала жолдайды. Әйтсе де  құрылтай өткіземіз деген атылмыш азаматтардың пікірін редакция басшылығы қолдамайды. Ахмет Байтұрсынұлы «Бас қосуды біз де керек нәрсе дейміз. Керек болса да, бас қосалық деп айта алмаймыз; кейбір істі істеу керек бола тұра, істеуге болмайды» дейді өзінің «Бас қосу турасында» атты мақаласында. Неліктен бас қосуды «керек нәрсе» дей отырып оны құптамайды. Себебі 1913 жылы қазақтың сиез өткізуіне министр заң арқылы тыйым салады. Осы және т.б. себептерге байланысты А.Байтұрсынұлы: «Істейміз деп бастасақ, онан келтірер пайдамыздан зарарымыз он есе зор болуы ықтимал. Министрдің кешегі бұйрығы естеріңізде бар ма? Қазаққа қандай ілтипат бөлген. Бас қосу жұмысына қалай қарамақшы? Мұны ескеру керек емес пе? Бас қосудың орнына, басымызды сақтарға орын таба алмай жүрмелік. От пен суды қазақ тілсіз жау дейді. Оларға қосарлық үшінші тілсіз жау бар, оны да ойлау керек» дейді.

Ақаңның мұнша сақтануына қарағанда мәселе шынында күрделі болса керек. Өйткені қысыл таяң шақтарда басын бәйгеге тіккен ағартушының аяғын аңдап басуы тегін емес. Сөзім дәлелді болуы үшін тағы да мақалаға жүгінейін. «Біз кірсіз пікір, таза амалмен жұмыс істеу үшін, мысалы, мұң-мұқтаждарымызды кеңесіп, дертімізге ем қарап, ісімізге жөн қарап, жоғымызды іздеуге, барымызды сақтауға ақылдасу үшін жиыламыз дерміз; Басқалар оған не мағана беріп, не көзбен қарар? Өзгелер бас қосуымызға сенімсіз көзбен қарайтын болса, оларға көмекші өзімізден табылар» дей келе Ақаң: «Біз шаруа кеңесіне жиналсақ та, құбыжығы бар шығар деп, сенімсіз көзбен қарайтын кез; солай болған, бас қосуға рұқсат берсе де, кеңесті орыс тілінде құру керек деп шарт қоюға ықтимал. Орысша пікірін түгел айта алатын қазақтар жиналса жақсы, ондай қазақтар келе алмаса, тілсіз кеңес құрылмақшы» деп пікір білдіреді.

А.Байтұрсынұлы құрылтай бола қалғанның өзінде онда көтерілген мәселелер айтылған жерде қалып кетеді ме деп алаңдайды. Мәселен: «Сиезге жиылған адамдар елге қайтқанда, сиезге керек деген жұмысты қолға алып, тастамай істеп, басқаларға басшылық етіп, өнеге көрсететін болса екен. Сонда сиезден мағына шығады. Ол болмаса, құр сиезге жиналып «анау керек, мынау керек, олай істеу, былай істеу тиісті» дегеннен ешнәрсе өнбейді. Халықтың ісі машинаның тетігі емес, бұрап қалса, басқа жөнге түсетін» дей келе: «Біреу жұмыс қылайын десем, тұрған жерім жаман дейді, біреу маңдайымдағы елім жаман дейді. Бұлардың бәрі де бос сөз. Абақтыдан жайсыз орын жоқ, онда да отырып жұмыс істеуге болады» дейді.

Сиез өткіземіз деуші «белсенді» азаматтар «Айқап» журналына дүркін-дүркін мақала жариялайды. Жанша Сейдалинге жазған «Жауап хат» деген мақаласында: «Құрметті Жанша мырза! Сіздің де біздің де ойлағанымыз қазақтың азып-тозбас қамы. Сіздің де, біздің де ниетіміз қазақ азып тозбасына қызмет ету. Тілегіміз қазақ халқы басқа халықтармен қатар жұрт қалпында ғұмыр шегуге басқаларға теңелсе екен деген. Сол үшін әркім білгенін, қолынан келгенін істеп жатыр. Сіз сиез жасаймын деп жатырсыз, біздер «Домострой»... кәкір-шүкірді қазақшаға аударып, арзан рисалар жазып, газета-мазета шығарған болып жатырмыз» деген ағартушының сөзінен әлдебір кекесінді байқаймыз. «Айқап» журналындағы мақалаларды оқуға мүмкіндік болмады. Әйтседе Ақаңның: «...кәкір-шүкірді қазақшаға аударып, арзан рисалар жазып, газета-мазета шығарған болып жатырмыз» деуіне қарағанда әлгілер өз мақалаларында «Қазақ» газетін жөнсіз сынаса керек.

Бір қызығы сиез өткізуге Ақаң ғана емес, сонымен қатар Ә.Бөкейхан да қарсы болған екен. Мақалада: «Сиез туралы айрық сөз Қыр баласы - Бөкейхан һәм менен ғана шығып тұрған көрінеді. Басқалардың бәрі жанулы түскен пышақтай жалаңдап, даяр көрінеді. Біздер сиез пайдасыз сөз демейміз һәм дегеніміз жоқ. Бірақ министр бұйрығын көріп, қалай болар деп, мен әуелі сақтық жағын айттым» дей келе: «Жұбекен мырзаның айтуына қарағанда, Орал облысы даяр көрінеді. Ол мырзаның айтуынша, қисық сөйлеп, алауыздық қылып, жұрттың шырышын бұзып отырған Қыр баласы - Бөкейхан һәм мен болсам керек.» дейді А.Байтұрсынұлы.

Құрылтай өткізуді болашақ Алашорда ұлттық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан құптамаса мұның сыры тым тереңдей түседі. Себебі патшалық Ресейдің әр басқан қадамын саясаткер ретінде бағамдап отырған Әлкең бекерден бекер оларға «қой» демеген болар. Ұзын сөздің қысқасы 1913 жылы «Айқап» журналы көтерген құрылтай өтті ме? Ол туралы «Қазақ» газетінің №35 санында Міржақып Дулатұлы жазады. Құрылтай өткіземіз деушілердің бірі Жанша Сейдалин Торғай губернаторынан рұқсат сұрайды. Әйтсе де он облыстың қазақтарының басын қоспақ түгіл, Қостанай қазақтарының басын қосып болашақта өтетін үлкен құрылтайға ақылдасуға губернатор рұқсат бермейді.

«Съезд деген сөз басталған кезде, заманның түріне қарап, тынымы осылай болар дегенімізде, жұрттың көбі жаратпай, құр әншейін сары уайым, сары қайғы, тартыншақтық, қорқақтық деп, бірсыпыралары құр алауыздық, ұйым бұзарлық, сөз жарыс, егес деп, кейбіреулер съезді біз керек қылмағандай көріп, кейбіреулері жұрттан съезді біз қызғанғандай көріп еді. Біздің онымыз бұл айтқандардың бірі де емес еді» дей келе Міржақып: «Бас қосу жақсы нәрсе (жұрттан ондай жақсылықты неге қызғанайық). Бір жақсы нәрсенің қолға түсуі жаман нәрседен гөрі қиынырақ болады. Біздің айтқанымыз да сол қиындығы еді» деп мақаласын аяқтайды.

Қажеке, расында «Сіздің де, біздің де ойлағанымыз қазақтың азып-тозбас қамы» болса, неге әу баста «кіші жүздің» құрылтай деп жарияладыңыз? Міржақыпша айтсақ, «Бас қосу жақсы нәрсе. Жұрттан ондай жақсылықты неге қызғанайық» дер едім. Әйтсе де, алаш алауыздығын арттыратын құрылтай өткізгеннен гөрі тыныш қана жүргеніңіз әуелі қазаққа, сонан соң өзіңізге пайдалы емес пе еді?

«adyrna.kz» сайты

 

Ш. Бақтияр. Батыс қазақтарының мақсаты қандай?

«2011 жылы 22-23-қаңтарда Орал қаласында Қазақ елі батыс аймағы қазақтары­ның 1-ші құрылтайы өтеді. Құрылтайға Орал, Атырау, Маңғыстау, Ақтө­бе және Қы­зылорда облыстарының зиялы қауым өкілдері құрылтай ұйымдас­тырушыларының ша­қыру хаты бойынша қатыса алады. Анықтама телефондары: 8(7112) 50-07-50, 51-50-64, 8-701-777-35-40».

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мұндай хабар­ландырудың елді елең еткізгені анық. Шыны керек, мұны әркім өзінше қа­былдағандықтан соңы ел арасында түрлі пікірлердің туындауына әкеліп соқ­ты. Осы мәселеге байланысты өткен аптада Шымкентте бір топ азамат­тар бас қосты. «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінде өткен «Дөңгелек үстелге» бел­гілі жазушы Амантұр Мұсаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төраға­сы Жеңісбек Мәуленқұлов, ардагер журналист Байдулла Қонысбек сынды­ зиялы қауым өкілдерімен қатар «Нұр Отан» ХДП және «Азат» ЖСДП өкіл­дері де қатысты. Басқосуды ашқан «Төртінші билік» газетінің бас ре­дакторы Өмірзақ Ақжігіт көтерілген мәселені жан-жақты талқылау қа­жеттігіне тоқталған соң бірінші сөз кезегін Б.Қонысбек алды.

«Егер құрылтайда экология мәселесі қозғалса дұрыс. Ал бөліну жайын­да­ болса, онда әңгіме басқаша. Жалпы, руға, жүзге бөліну дұрыс емес. Қан­дай жау болса да алдымен іштен ірітуді бастайды», - деді ол кісі.

Одан ары сөз тізгіні «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының­ төрағасы Өмірзақ Мелдехановқа тиді. Ол өз пікірін: «Рушылдық жақсылыққа апармайды. Өйткені рушыл халық кез-келгенге жем болып кетуі мүм­кін. Әр ұлт өз құндылығын сақтап қалуы керек. Бұл мәселенің тура сам­мит қарсаңында көтерілгені жақсы емес. Сондықтан оған бей-жай қа­раған дұрыс болмайды», - деп білдірді.

Осыдан соң сөз кезегі тиген Жанысбек Өтегенов қазақтың жағдайы өз­гелерден жоғары болуы керек деген тұрғыда біраз әңгіме қозғады. Ал жи­ын қыза бастаған кезде Аманқұл Күмісбек деген азамат шындығын ай­тамын деп Ө.Мелдехановтың шамына тиіп кетіп, екеуі сәл-пәл сөзге ке­ліп қалды. Басқосуда көтерілген әңгімелер ұсақтанып бара жатқанда Ж.Мәуленқұловтың салиқалы пікірі көпшіліктің бетін біршама бері қарат­қандай болды.­

«Егер мәселені қозғайтын болсақ, онда жөнімен айтайық. Мен де ру­­шыл­дыққа қарсымын. Жалпы, бұл қазақтың шығарып отырғаны емес. Іл­гері­де де қазақты бір-біріне қарсы айдап салу схемасы болған», - дей ке­ліп, ол кісі жиналған жұртшылыққа ой саларлық біраз пәтуалы әңгіме айт­ты.

Біз осы басқосудан кейін Қазақ елі батыс аймағы қазақтарының 1-ші­­ құрылтайын ұйымдастырушы, «Жұмадағы жүздесу» газетінің редакторы­ Қажымұқан Ғабдоллаға хабарластық.

Әріптесіміз әу баста шынында бес­ облысқа қатысты қордаланған мәселелерді талқылайтын құрылтай өт­кізбек болғандарын, алайда кейіннен жоспардың өзгергенін айтты.

«Құрылтай туралы әңгіме таралған соң оған қарсы шыққандар көп бол­ды, - дейді Қ.Ғабдолла. - Бірқатар ұсыныстар да түсті. Нәтижесінде құ­рылтай бүкіл елімізді қамтитындай етіп келістік. Сондықтан оны өткізуді ке­лесі жылғы сәуір айының алғашқы сенбі-жексенбісіне қалдырдық. Құ­рылтай ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналады».

Қ.Ғабдолланың айтуынша, аталған құрылтайда еліміздегі бүкіл қазақ ұл­тының басын қосатын ұйым құру мәселесі қаралмақ. Онда тіл, білім жә­не экология мәселелері талқыланбақ. «Бұл - азаматтық бастама. Бас­ты­ мақсатымыз - елім, жерім деген азаматтардың басын қосу, ақылдасу»,­ - дей­ді ол.

2011 жылғы 2-3-сәуірде Орал қаласында өтетін құрылтайға еліміздегі 17­ қаланың әрқайсысынан он адам делегат ретінде шақырылады. Олардың барлық шығындарын шақырушы жақ өз мойнына алып отыр. Сондай­-ақ құрылтайға қатысамын деушілерге де есік ашық.

Демек, бұл құрылтай қазақты іштен ірітуге бағытталған іс-шара емес се­кілді. Ал оның қалай өтетіні жайлы амандық болса, кезінде жазамыз де­ген ойдамыз.

«Замана» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435