«Текті сөздің төресі- терме»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Ш.Ділдебаев атындағы «Кеншілер» сарайында 3 қараша күні «Текті сөздің төресі- терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.
Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан бір үміткерден қатысып, өз бақтарын сынайтын болады.
Байқауда танымал жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер, эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Абай-ақпарат