Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2430 0 пікір 8 Желтоқсан, 2010 сағат 06:02

Атырауда 15 пәтерді тонап кеткен қаскүнем ұсталды

Атырау. 8 желтоқсан. ҚазТАГ - Атырауда соңғы екі айда 15 пәтерді тонап кетті деп күдіктеліп отырған қаскүнем ұсталды.

«34 жастағы азамат бас бостандығынан айыру мекемесінен екі ай бұрын ғана босап шыққан. Ол бұған дейін пәтер тонағаны үшін төрт рет сотты болған», - деп мәлім етті Атырау облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Полицияның ақпаратына сәйкес, қаскүнем түскен оперативті ақпараттың арқасында ұсталды. «Пәтерлерге ол есіктің кілтін таңдау арқылы немесе терезе арқылы кіріп жүрген. Ұрлаған тұрмыстық техниканы, зергерлік бұйымдарды ломбардқа тапсырып, базарда сатқан. Тапқан ақшаны есірткіге жұмсаған», - деп атап өтті ведомство өкілі.

Қаскүнем тергеу оқшаулағышына қамалды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1704
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4462
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3454