Германия президенті Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болғысы келетінін мәлімдеді
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер өз елінің Ресеймен қарым-қатынасы деңгейіне көңілі толмайды. Ол осылай деп Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін мәлімдеді.
Штайнмайер Ресейдің Қырымды аннексиялауы мен Украинаның шығысындағы жанжалға қарамастан, екі ел қарым-қатынасты жақсарту үшін, бірлесіп күш жұмсау керек деді.
Өз кезегінде Путин Германия президентінің еліне сапарынан кейін екіжақты қарым-қатынас нығаяды деген үміттемін деді. Путин сонымен бірге Штайнмайермен Украина шығысындағы жағдайды талқылағанын айтты.
Германия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың салқындығынан Штайнмайердің Ресейге сапары мемлекеттік деңгейде емес, жұмыс сапары ретінде қарастырылды деп жазады Deutsche Welle.
Abai.kz