Новиков: Қазақстан жол картасына қол қоюдан бас тартты
Қырғызстанның экономика министрі Артем Новиков Қазақстан екі елдің шекарасын реттеуге арналған жол картасына қол қоюдан бас тартты деп мәлімдеді.
Оның сөздерінше, қазақ тарабы жол картасына қол қойғанның өзінде шекара ашылмайды, еркін қозғалыс болмайды деп мәлімдеген.
«Бүгін жол картасына қол қою рәсімі болмады. Біз енді әрі қарай ЕАЭО аясында жұмыс істеуге тырысамыз. Осыдан кейін қандай-да бір шешім қабылданады», - деді Новиков Ереванда өткен келіссөзден кейін.
Министр мұны Қырғызстаннан келетін контрабандамен түсіндірген. Бірақ ол бұл мәселе ЕАЭО елдерінің бәрінде бар дейді.
18 қазанда Астанада өткен келіссөздер барысында екі елдің үкімет жетекшілері келесі күннен бастап жолаушы көліктері мен жүгі бар адамдарды шекарадан өткізуді жеңілдету туралы уағдаласқан.
Abai.kz