Жұма, 22 Қараша 2024
4113 0 пікір 30 Қазан, 2017 сағат 09:02

Тәжікстан: АЗС желісі басшысы қамауда отырып бюджет қаражатын қайтаруға әзір

"Умед-88" компаниясының басшысы және құрылтайшысы Раджабали Одинаев Тәжікстан билігінен өзін қолхатпен босатуын сұрады. Кәсіпкер миллиондаған несиені қайтаруға уәде берді. Бұл туралы айыпталушының әпкесі Саодат Одиназода 29 қазанда хабарлады.

Раджабали Одинаев пен компанияның тағы бес басшысы қазір тергеу абақтысында отыр. Айыпталушының әпкесі Саодат Одиназоданың айтуынша, мемлекет басшысы сынан соң ол тез арада несиені қайтара бастаған, бірақ оны қамауға алған. Оның айтуынша, "Умед-88" компаниясы «Рогун ГЭС» ААҚ-на 31 млн. сомони қайтарған.

Еске салайық, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 14 қазанда қаржы министрлігін "Умед-88" компаниясына мемлекеттік бюджеттен 170 миллион сомони бергені үшін сынады. Оның айтуынша, мемлекет бұл қаражатты екі жылдан бері қайта алмай отыр.

Бұдан соң елдің қаржы полициясы Раджабали Одинаевты, "Умед-88" компаниясының құрылтайшысы және директоры Идибек Иброхимовты ұстады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320