Қазақстанда алғаш рет электр қуатының мемлекетаралық орталықтандырылған саудасы өтті
Алматы. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда алғаш рет электр қуатының мемлекетаралық орталықтандырылған саудасы өтті, делінген «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (ЭҚНҚО) хабарламасында айтылған».
«Қазақстанда ЭҚНҚО сауда алаңында алғаш рет «Электрические станции» ААҚ (Қырғызстан) және Қазақстанның электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері арасында электр қуатының мемлекетаралық орталықтандырылған саудасы өтті», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Құжатқа сәйкес, сауданың қорытындысы бойынша 2010 жылдың желтоқсанында 37,2 млн кВт/с көлемінде электр энергиясын жеткізуге екі келісімшарт жасалды.
«Осы оқиға Орталық Азия елдерінің электр энергиясының мемлекетаралық нарығын ұйымдастыру және қызметін жүзеге асырудағы маңызды оқиға болып табылады және Қазақстанның электр энергиясының көтерме нарығының жаңа даму деңгейіне шыққанын көрсетеді», - делінген ақпаратта.

«Электрические станции» ААҚ Қырғызстандағы электр және жылу энергиясын негізгі өндіруші болып табылады. «Электрические станции» ААҚ құрамына Тоқтоғұл ГЭС-терінің каскады (Тоқтоғұл ГЭС-і, қуаты 1200 МВт, Құрыпсай ГЭС-і, қуаты 800 МВт), құрылысы жүріп жатқан ГЭС –тер кәсіпорны (Уч-Қоргғн ГЭС, қуаты 180 МВт, Таш-Құмыр ГЭС-і, қуаты 450 МВт, Шамалды-Сай ГЭС-і, қуаты 240 МВт), Ат-Башы ГЭС-і, Бішкек ЖЭО-сы және Ош ЖЭО-сы кіреді.