Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3701 1 пікір 9 Желтоқсан, 2010 сағат 10:22

Нұра Матай. Қарақалпақ ат басын Қазақстанға бұрғалы отыр 2

Осындай тақырыппен Өзбекстандағы автономия Қарақалпақстан және оның халқы жөнінде өткенде мақала жазған едік. (http://old.abai.kz/content/nyra-matai-karakalpak-basyn-kazakstanga-byrgaly-otyr) Сол мақала аса мәртебелі оқырмандарымыз тарапынан талқыға түсіп, ой-пікірлердің ордасына айналды.

Асылы, Қарақалпақтың халі осыншалықты талқыға түседі деп шынында күтпеген едік. Біздің мақсат - Аузымыздан жырып, алдына ас, қорасына қой салып бермесек те алтын баулы тегі бір  Алты Алаштың жоқ-жітігін, жетісігін, бүгінгі халін шамамыз жетіп, қолымыздан келіп тұрған құрал арқылы қалың елге жеткізек деген ой.

Байқағанымыз, қазақтың бойындағы түркілік санасы әлі өлмеген екен. Алты Алаштың бірі қарақалпақты жоқтап, бүгініне мұңайып, болашағына қол ұшын созсақ деген оқырмандардың ойлы пікірі соның айғағы болып тұр.

Мысалы, Серікжан есімді тұрақты оқырманымыз Қарақалпақтың мүшкіл халіне қабырғасы қайыса отырып, бауыр халықтың жойылып бара жатқаны жанына бататынын егіле жазады.

Осындай тақырыппен Өзбекстандағы автономия Қарақалпақстан және оның халқы жөнінде өткенде мақала жазған едік. (http://old.abai.kz/content/nyra-matai-karakalpak-basyn-kazakstanga-byrgaly-otyr) Сол мақала аса мәртебелі оқырмандарымыз тарапынан талқыға түсіп, ой-пікірлердің ордасына айналды.

Асылы, Қарақалпақтың халі осыншалықты талқыға түседі деп шынында күтпеген едік. Біздің мақсат - Аузымыздан жырып, алдына ас, қорасына қой салып бермесек те алтын баулы тегі бір  Алты Алаштың жоқ-жітігін, жетісігін, бүгінгі халін шамамыз жетіп, қолымыздан келіп тұрған құрал арқылы қалың елге жеткізек деген ой.

Байқағанымыз, қазақтың бойындағы түркілік санасы әлі өлмеген екен. Алты Алаштың бірі қарақалпақты жоқтап, бүгініне мұңайып, болашағына қол ұшын созсақ деген оқырмандардың ойлы пікірі соның айғағы болып тұр.

Мысалы, Серікжан есімді тұрақты оқырманымыз Қарақалпақтың мүшкіл халіне қабырғасы қайыса отырып, бауыр халықтың жойылып бара жатқаны жанына бататынын егіле жазады.

«Қарақалпақтар - әлемдегі езіліп-жаншылған Түркі халықтарының ішіндегі тағдыры ең аянышты халық. Олардың тағдыры Ресейдің боданы болып отырған Татар мен Башқұрттан да, Қытайдың қарамағындағы Ұйғырлардан әлдеқайда аянышты. Қарақалпақтан 90-жылдары референдум өткізіп жіберіп, жеке тәуелсіз ел болып бөлініп шығуы керек еді. Өзбектер олардың бөлініп шығып жеке ел болуына барынша көмек көрсетуі керек еді.

Енді қазір бұл халық жойылып кетуге таяу тұр. Оларды құртқан Ресей мен Қытай сияқты Түркілер дүниесіне жат елдер емес, Қарақалпақтарды құртқан Өзбектер ғой, өз ағайындары. Қазір Өзбек пен Қарақалпақ кездесе қалса, ешқашан қол беріп амандаспайтын, бір дастарханнан ас ішпейтін дәрежедегі араздық-жаулыққа жетіп отыр. Ал Қазақстанға көшіп келген жүздеген мың Қарақалпақтар "Қазақ" болып жазылып, Қазақтармен құдандалы болып араласып, Қазаққа сіңіп кетіп жатыр. Өте аянышты жағдай.

Өзбекке Қарақалпақтар керек емес, олардың жері керек. Қарақпақстанның жер астында (Арал мен Үстіртте) мұнай мен газдың үлкен кен орындары бар. Ресейдегі Ноғайлылар сияқты, Венгриядағы Қыпшақтар сияқты, біздің Қазаққа әлемдегі ең бір егіздің сыңарындай туысқан халық, "Алты Алаштың" бірі болатын Қарақалпақтар көз көре жойылып бара жатыр. Қарақалпақтардың қазіргі тағдырын тартылып бара жатқан Арал теңізің тағдырына ұқсатамын. "Ел мен жер - егіз" деген сол».

Енді бір оқырман қарақалпақтардың тәуелсіздік лауы қажеттігін алға тартып, жеке ел болса, өз қотырын өзі қасуға шамасы жететін айтып жанашырлық танытады.

«Қарақалпақстан жерінің асты мұнай мен газға бай. Өзбектер сол себепті де оларды жібергісі жоқ. Бұл түсінікті. Қарақалпақстанда референдум өткізу керек. Ең қиыны осы. Ол үшін қарақалпақтарға ұлттық лидер қжет. Халықтың басым бөлігі әсіресе қарақалпақтар мен қазақтардың тәуелсіздік үшін дауыс берері анық. Егер қарақалпақтар тәуелсіздігін алса, дербес мемлекет болып өмір сүруге жағдайлары жетеді».

Бірінің ойын бірі сабақтаған оқырмандардың келесі бірі Қарақалпақты ұлт ретінде жойылу кетуден тек қана Қазақстан құтқарып қалады деген пікірін ортаға салған. Бұл пікірдің де жаны екені жасырын емес.

«Мақаланың: "Ендігі үміт - Қазақстанда" деп аяқталуы дұрыс. Қарақалпақтарды Қазақстан құтқармаса, басқа ешкім де құтқармайды. Қарақалпақтар Қазақстанға көшіп келу арқылы ғана ұлтын сақтап қала алады. Олардың төрттен бірі, 20 пайызы көшіп келіп те үлгерді. Қалғандары да келеді. Өзбектер енді олардың жерін ешқашан бермейді. Қарақалпақстан Конституциясы бойынша: "Қарақалпақстанның Өзбекстан құрамынан жалпыхалықтық референдум өткізу арқылы бөлініп шығуға құқығы бар" екені рас. Алайда ол тек қағаз жүзінде ғана».

Оқырманның пікірінің әрқандай басылым үшін құнды болатыны - оның шынайлығы мен өткірлігінде және нақты ұсыныспен шығатынын да болса керек.  Порталымыздың ең белсенді әрі тұрақты оқырманымыздың бірі, өзінің дәйекті, білімді, ойлы һәм ұстамды да ұтымды ойларымен қалың оқырманға танымал Қабыл есміді азамат Қазақстан мен Өзбекстанның бүгінгі тұрыстарын салыстыра отырып, өзге оқырмандарға ой тастайды.

«Назарбаев керісінше, қазақты қалай көбейтем деп әуре. Бұл да Назарбаев пен Каримовтың саястатының айырмасы. Қазір қайда барсаң да қаңғып, босып, әркімге жалданып, құл болып жүрген Өзбекті көресің. Каримов өзінің халқын өзгелерге құл қылып тынды"...

Жаңсақ пікірлер.

Біріншіден, Назарбаев қазір сырттағы бауырларымызды елге тартуға қарсы болып отырған бірінші тұлға.
Екіншіден, осы 20 жылдай уақытта елімізге оралған қандастарымыздың пәлендей көп емес екенін ана жолы осы мәселенің басы қасында жүрген бір шенеунік жазған еді. Оралмандар туралы ақпараттың көбісі жалған.

Үшінші. 20 шақты жыл ішінде әупірімдеп, улап шулап, бүкіл әлемге жар салып, кеуде қағып, тарзанша шыңғырып шақырып алған бауырларымыздың саны өзбектердің өзбектендіріп алған қазақтардың санынан екі-үш есе кем.

Төртіншіден, гастарбайтер өзбектер құл емес. Қайта олар біздің ақшамен өз елінің әл ауқатын көтеріп, экономикасын түзеп жатқан патриоттар. Қазіргі Өзбекстан экономикасының даму қарқыны қазақтыкінен жоғары екенін тәуелсіз сарапшылар көптен айтып келеді. Біз тек жерасты байлығымызды болашақ ұрпақтардың аузынан жырып, талан таражға салып жатырмыз.
Қалай болғанда да өзбектің жағдайы біздікінен көш ілгері.

Ал қарақалпақ бауырларымызды қазақ етіп жазылса, өзімізде қалуына жол ашу керек»

Қабылдың ойына сабақтас пікірді жазған оқырман қазақ-өзбек қарым-қатынасына тоқталып, өзбек билігінің кейбір әрекетін сынға алған.

«Қазақ - Өзбек шекарасын келіскен кезде, 2003-2005 жылдары Қазақстан Өзбек жағына бұрынғы Шымкенттің Шардара маңындағы аудандарының және Қызылқұм мен Үстіртте Қазақтардың ежелгі өзінің жайлаулары бар екенін ескерткен болатын. Қарақалпақтар туралы да әңгіме болған. Алайда, И.Каримов: "Қарақалпақтарыңды түгелдей алып кет, ал жері бізде қалады" деген сыңайда жауап берген. Ал жер дауына байланысты олар керісінше "Өзбектердің ежелгі жері" ретінде және қазір де Оңтүстікте Өзбектердің көп тұратынын (Оңтүстік Қазақстан облысында жарты млн-дай өзбек бар) ескертіп, Қазақстаннан Түркістан мен Сайрамды "Өзбектің жерін қайтар" деп даулаған. Сол дау әлі бітпей келе жатыр. Қазақ - Өзбек шекарасында жиі оқ атылатынына үйреніп кеттік қой».

Міне, оқырман ойы осылайша Алаштық сананы сарқылмаған тегінде бар дүние ешқашан жоғалмайтынын, бүткіл ер түркінің қамын жеген ұлы даланың иесі мен киесі қазақ деген қараорман жұрт екенін тағы да, тіпті, күнде айғақтап жатыр.

Порталдың атынан барша оқырмандарға ой-пікірлерін ортаға салып, жұрт ойына қозғау салып, қазақ етіп жатқан қызметтері үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Абайдан алыстамаңыз, ардақты ағайын.

«Абай-ақпарат»

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525