Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2257 0 пікір 10 Желтоқсан, 2010 сағат 08:17

Шалатай Мырзахметов. Ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы заңды қайта қарастыру керек

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Депутат Шалатай Мырзахметов Үкімет Басшысы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

« Бүкіләлемді дүрліктірген Хиросима мен Нагасаки оқиғасынан кейін ядролық соғыс болған жағдайда - пәрменді күшті жарылыстар ойрандары, радиацияның  таралуы, биологиялық зақымданулар салдарын жан-жақты зерттеу өріс алды. 1949 жылы 29 тамызда   Кеңес кезеңінде тұңғыш рет ядролық қару сынақтан өтті. Атомдық жоба бойынша  Полигон құру үшін  тек Қазақстанның жер бедері жерасты ядерлық жарылыстарды көтере алатын болып, елімізде Полигон құрылады. 1949 жылдан 1989 жылға дейін сыналған ядерлық қарулар күші Хиросимаға тасталған бомбадан 2 500 есе   асып түседі.

Күні бүгінге дейін Совет ғалымдарының өткізген сынақтарының нәтижесі құпияланған.  Ал зақымдалған жер көлемі 304 000 км. кв. екенін ескерсек, жауап белгілі емес пе?

Иә, адамзат  өмiрiндегi қолдан жасалған сұмдықты  тоқтату үшін атқарылған көп жұмыстарды атап өту керек, ол: сынақ полигонының жабылуы, ядролық зарядты жою, ядролық қаруларды сынауға  тыйым салу және олардан  бас тарту туралы шетелдік  келiсiмшарттарға қол қойылды.

Өкiнiшке орай, шыңыраудан шыққан шындық жүзі еш өзгермейді:  40 жылдан бері  ауа мен адамдар денсаулығын құртқан полигон аумағында бүгінге дейін радиоактивтi фон сағатына  10-20 миллирентгенге жетедi екен. Дегенмен,  бұған қарамастан полигонда адамдар өмiр сүріп жатыр.

Адамдар, кінәсіз адамдар, бiрақ  олардың тағдыр мен биліктің  әдiлетсiздiгінен  азап шеккендері жасырын емес. Мысалы: ядролық сынаулардан жәбiрленгендер санағы 1 323 000 адам деп белгіленгенімен, олардың  құқығын  растайтын куәлiктер тек  қана 1 057 000 берілген. Олар бұған да, жан күйзелісіне, трагедияларға, жарымжандық дауасыз ауруларға, мутацияларға көнді.

Ал жергiлiктi мемлекеттік билік туа біткен жарымжандықты   ядролық сынаулар салдарына жатқызбай, орташа айтқанда оларға жәрдемақы ретінде 15 000 теңге төленсе, 22 000 теңге  танылған мүгедектерге беріледі екен.  Бұл қазіргі қымбатшылық, нарық заманында қырық шоқпыттың қай жыртығын жамауға жетеді екен:

Чернобыльдік электр  станциясындағы апаттан зардап шеккендер  Полигоншылардан   1-2 мыңға артық  жәрдемақы алады.   Сондай-ақ,   І-ші, ІІ-ші топтағы мүгедектерге  тіпті мемлекеттік емханаларда емделу тегін емес көрінеді.  Ал қажетті мамандардың жоқтығынан  елімізде сәулеленуден пайда болған аурулар емделмейді, шетелдерге  де квота қарастырылмаған. Ресей федерациясы мен Украина сияқты көршi елдерде Чернобыль мүгедектері   тегін ем қабылдайды және 400 - 600 аралығындағы  АҚШ ақшасын алады екен.

Бүкіләлем бойынша тек Қазақстанда ғана  бұрынғы Ядролық сынақ аймағында адамдар өмiр сүреді және аталмыш аймақты  ауылшаруашылық мақсаттарында қолданады. Осыған орай, Құрметті Кәрім Қажымханұлы, сынақ аймағында тұратындарға сәл де болса да  өмірін жақсарту үшін 1992 жылдың 18 желтоқсанындағы «Семейдегi ядролық сынақтар полигонында өткізілген ядролық сынау салдарынан зардап шеккендердің, азаматтардың әлеуметтiк қорғауы» туралы заңды  қайта қарастыру керек сияқты.

Ал кезінде  Чернобыль апатынына қатысқан 32 мыңнан  бүгінде 7000 жарымжан қалғанын ескере отырып, олардың да жағдайын мүмкіндігінше оңайлатуды өтінемін.

Жарымжандар Әкiмшiлiктер мен өзге де әлеуметтік қорғауға арналған мемлекеттік мекемелер табалдырығын тоздырып, шаршады. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың пікірі бойынша олардың мәселесiне ешкім не көмектескiсi, не байыбына барғысы келмейдi.

Мен Сізден түсiнушілік пен мейірімділікті өтінемін, себебі Сіздің қолдауыңыз оларды қанаттандырып, үміттендіреді. Бiздiң Конституциядамызда  да  жоғары құндылық адам, оның құқығы мен бостандығы  болып табылады емес пе, сондықтан жауабын маған және арызданушыларға жіберуіңізді сұраймын.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522