Қаржы секторындағы жағдайдың жақсаруына байланысты айырбастау курсының иілгіштігін арттыру пайдалы болуы мүмкін - ХВҚ
Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР қаржы секторындағы жағдайдың жақсаруына байланысты Қазақстанға теңгенің айырбастау курсының иілгіштігін арттыру пайдалы болуы мүмкін. Бейсенбі күні кешке жарияланған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) қорытынды мәлімдемесінде осылай делінген.
«Қаржы секторындағы жағдайдың жақсарғанын назарға ала отырып, экономикаға айырбастау курсының иілгіштігін арттыру және орталық банктің араласуын азайту пайдалы болуы мүмкін, бұл экономиканың сыртқы соққыларға жауап беру қабілетін нығайтып, ақша-несие саясатының тиімділігін арттырады», - делінген құжатта.
Экспорттық тауарлардың бағасы жоғары болып тұрғанда Қазақстан басшылығы қаржы құралдарының ағыны қайта жанданатынына дайын болуға тиіс.
«Халықаралық ликвидтіліктің көптігін ескергенде, ақша-несие айналымын реттеу мен қадағалау органдары қаржының қысқа мерзімді ағынының ықтимал жандануы жағдайында жұмыс істеуге дайын болуға тиіс», - делінген ХВҚ ақпаратында.