Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2066 0 пікір 11 Желтоқсан, 2010 сағат 07:33

Азат Үсен. Тәуелсiздiгіміз – ұлтымыздың ұлы мұраттарын оятты

Әлемде өзiнiң тәуелсiздiк күнiн белгiлемеген мемлекет жоқ. Олардың бәрi Тәуелсiздiк мерекесiн белгiлi бiр тарихи оқиғаларға байланысты ерекше атап өтедi. Араларында ұлттық әрi мемлекеттiк мерекелерiнiң ара-жiгi ажыратылған елдер де бар. Мәселен, Ұлыбритания, Марокко, Сауд Арабиясы, Оман сұлтанаты, Тайланд iспеттi елдер өз корольдерiнiң туған күндерi мен мемлекеттiң құрылған күндерiн ұлттық мереке ретiнде атап өтедi.

Әлемде өзiнiң тәуелсiздiк күнiн белгiлемеген мемлекет жоқ. Олардың бәрi Тәуелсiздiк мерекесiн белгiлi бiр тарихи оқиғаларға байланысты ерекше атап өтедi. Араларында ұлттық әрi мемлекеттiк мерекелерiнiң ара-жiгi ажыратылған елдер де бар. Мәселен, Ұлыбритания, Марокко, Сауд Арабиясы, Оман сұлтанаты, Тайланд iспеттi елдер өз корольдерiнiң туған күндерi мен мемлекеттiң құрылған күндерiн ұлттық мереке ретiнде атап өтедi.

Әлемде өз тәуелсiздiгiн жариялаған 200-ге жуық елдiң мемлекеттiк тарихи дамуында алатын орны мен оның қалай аталып өтетiнiне бiр қыдыру шолу жасағанымызда түрлi мәлiметтерге тап болдық. Әлем елдерiнiң 90 пайызы өз тәуелсiздiгiн нақты атауымен тойласа, қалған 10 пайызы - «Республика күнi», «Ұлт күнi», «Ұлттық қайта өрлеу күнi», «Ұлттық көтерiлiс күнi», «Тәуелсiздiктi қайта құру күнi» мерекесi ретiнде атап өтедi екен.
Жер бетiнде «Республика күнiн» ең ұзақ тойлап келе жатқан ел - Сан-Марино Республикасы. Ол бұл мерекенi 301 жылғы 3-қыркүйектен атап өтiп келедi. Ал, өз тәуелсiздiгiн ұзақ тойлап келе жатқан ел Америка Құрама Штаттары. АҚШ тәуелсiздiк мерекесiн 1776 жылғы 4-шiлдесiнен атап өтiп келедi екен. Ал, өз тәуелсiздiгiн ең кеш алған мемлекет Словакия. 1993 жылдан «Словакияның құрылған күнi» ретiнде жалпы ұлттық мереке ретiнде атап өтiлетiн шара ең үлкен мемлекеттiк мерекеге жатады.
Күнi кеше бiр лагерьде болған Белорусь Республикасы «Тәуелсiздiк мерекесi» мен «Республика күнiн» бiр айда (шiлде) атап өтсе, Латвия Республикасы «Республиканың құрылған күнi» (1918) және «Тәуелсiздiк Декларациясын жариялаған күн» (1990) мерекесiн, Әзiрбайжан Республикасы «Ұлттық қайта өрлеу» (1918) және «Мемлекеттiк Тәуелсiздiк күнi» (1990) мерекесiн мемлекеттiк тұрғыда тойлайды. Әзiрбайжан халқы «Ұлттық қайта өрлеу күнiн» ерекше көңiл-күймен тойлайды. Одан басқа мемлекеттiк мерекелердiң бiрi ретiнде жыл сайын 15-маусымда «Әзiрбайжан халқын құтқару күнi» аталып өтiледi. Ал, жылдың соңғы күнiнде «Жержүзiндегi әзiрбайжандардың ынтымақ күнi» мерекеленедi. Ал, Грузия халқы «Тәуелсiздiктi қайта қалпына келтiру» мерекесi ретiнде атап өтедi. Көрiп отырғандарыңыздай, кешегi кеңестiң шекпенiнен шыққан посткеңестiк елдер сияқты грузинер Тәуелсiздiк күнiн емес, бұрын өздерiнде болған Мемлекет тәуелсiздiгiнiң жаңғыру күнiн атап өтедi. Демек, грузин халқы үшiн Кеңес боданынан босанып шыққан күн - алғашқы тәуелсiздiк күнi емес. Германия «Германияның бiрлесу күнiн» ұлттық мереке ретiнде тойласа, Ресей Федерациясы бұл айтулы күндi 2002 жылдан «Ресей күнi» ретiнде ресми түрде тойлайды. Мiне, бұл мерекелердiң бәрiнiң мағынасы бiр десек, үлкен қателiктерге ұрынар едiк.

Алаш

Бүгiнгi таңда тәуелсiздiк пен тәуелдiлiк адамзат таразысының екi басында әлi теңселiп тұр. Өткен ғасырдың 60 жылдары Латын Америкасындағы елдер азаттық деп ұран салып жатқанда Африка құрлығы елдерi ұйқысынан ендi көзiн тырнап ашып жатқан-ды. Араға 20 жыл салып, Балкан түбегiндегi бiр елдiң кiрпiшiнiң үгiтiлуiнен әлемнiң саяси картасынан бiрнеше ел ту көтерiп шыға келдi. Ғасыр соңының 90 жылдары әлем картасы тағы да «жүктi» болып, КСРО-дан бөлiнiп, өз Тәуелсiздiгiн жариялаған 15 елдi бауырына алды. Бұл елдер өзгелерден озық шықты. Батыстың басқа елдермен тәуелсiздiк тiлiнде сөйлеспеймiн деген пиғылының бет пердесiн сыпырып тастап, бiр қатарға отырып, мәмiле құруға илiктiрдi. Оған куә, күнi кеше ғана Қазақстан Астанасында өткен Еуропадағы Қауiпсiздiк және Ынтымақтастық Ұйымының саммитi.
ХХI ғасырда тәуелсiздiк мәселесi әлемнiң әр шалғайында тағы да өткiр қойыла бастады. Бұған қоғамдық формациялар ауысқан тұста көптен күткен саяси бостандыққа ие болғысы келетiн елдер айрықша алаңдауда. Қазiр әлемде өз тәуелсiздiгiн жариялаған бiр-ақ халықаралық қауымдастық тарапынан танылмаған 30 шақты ел бар. Олар өз тәуелсiздiгiн қорғауға бел шешiп кiрiсiп отыр. Сөйтiп, тәуелсiздiк идеясы көптеген ұлттардың аңсаған арманы мен мұратына айналып отыр. Егер ХХ ғасырдың екiншi жартысында ондаған ұлттық мемлекеттер пайда болса, демократия берiк орнады деген Еуропада валлон, баск, шотландық, фламен, каталондықтар тәуелсiздiк үшiн жанын салып күресуде. Тайталасқан күрестен соң, Косово өз тәуелсiздiгiн жариялап жiбердi.
Тарихта өз тәуелсiздiгiн берiк ұстап тұра алмаған, бiрақ кейiн оны орасан зор қырғынмен қайта орнықтырған елдер де бар. Мысалы, бүгiнгi әлемдегi ең дамыған елдердiң бiрi Португалия 1580 жылы Испаниямен билiк әулетiнiң жақындасуының әсерiнен тәуелсiздiгiнен айрылып қалды. Испания королi Филипп II-шi Португалия тәжiнiң иегерi саналып, 88 жыл әулетiмен билiк құрған. Осы жылдар iшiнде Португалияның халқы құлдыққа айналып, бiрнеше есе халық санынан айрылған. 300 мың адам сыртқа кетiп, капиталдың сыртқа ағылуына әсер еткен. Күштеп мәжбүрлеу арқылы басқа дiндi қабылдаған. Мадридтiң сарай билiгiне қарсы көтерiлiске шыққан португалдықтар 1640 жылы жалпыхалықтық ереуiлге шығып, испандықтарды қуып шыққанмен, өз тәуелсiздiгiн алу жолында 28 жыл бойы қарулы қарсылықтарын бiлдiрген.
Адамзат баласы жаратылғаннан берi бiрi бағынышты болуға, екiншiсi үстемдiк етуге бейiм тұрған. Өз тәуелсiздiгiн жариялаған Португалия өз күшiне мiнгесiн, айналасындағы әлсiз елдердi жаппай жаулауға кiрiскен. Экономикалық өзара тәуелдiлiктiң түптiң түбiнде саяси-ұлттық тәуелсiздiктен басым түсетiндiгi жайлы теориялық пайымдар сол кездiң өзiнде көрiнiс берiп қалған.
ХVIII ғасырдың басында Португалия Бразилияны «бауырына басып» колониалдық дәуiрiн өткiзген. 1808 жылы Наполеонның Португалияға қарсы басқыншылық соғысының соңы 1815 жылы Бразилияны колониалдық статусынан айрып тынған. 1822 жылы Бразилия өз тәуелсiздiгiн жариялаған.
Панама өз тәуелсiздiгiн 3 рет жариялап, бұл күндi атап өтуде рекордсмен болып отыр. Бiр тудың астында екi рет бас иiп, Колумбиядан тiзерлеп отырып, екi рет тәуелсiздiгiн алған Панама үшiншi рет Испанияның илеуiнде болған. Ұзақ уақыттар бойы жүргiзген партизандық күрестiң әсерiнен 1903 жылы өз тәуелсiздiгiн жариялаған.
Тәуелсiз мемлекет өзiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi және қатер төндiрушi күштердiң ара салмағы мен тепе-теңдiгiне қарай күн кешедi. Сондықтан, кей елдер өз тәуелсiздiгiн қауiп-қатер мен мүмкiндiктерiн дұрыс бағалау арқылы сақтай алады.
Ұлттық идея, ұлттық ниет жанжал, қастандықпен бiр жүредi. Ұлттық болмыс бүлiкпен бiрдей. Ол өзара байланысқа, тұрақтылыққа қарсы, тежегiш күш. Түрiк халқының тәуелсiздiк жолындағы күресi оңай болған емес.
Осман мемлекетi бөлшектенiп, айнала анталаған жаудың ортасында бiр уыс болып түрiк жұрты қалғанда оның тәуелсiздiгi қыл үстiнде тұрды. Мұндай жағдайда жалғыз ғана жол бар едi. Ол - ұлттық билiкке сүйенген, тәуелсiз, жаңа түрiк мемлекетiн құру болатын. Бұл жолда Түрiк Республикасын құрушы Мұстафа Кемал Ататүрiк ештеңеден аянбады. Ататүрiк өзiнiң: «Не тәуелсiздiк, не өлiм» атты еңбегiнде былайша ой түзедi: «Негiзгi принцип - түрiк ұлтының абыройлы ұлт ретiнде өмiр сүруi. Бұл принцип тек тәуелсiздiкке қол жеткенде ғана жүзеге асуы мүмкiн. Қаншалықты бай және қаншалықты молшылықта өмiр сүргенмен, тәуелсiздiгi жоқ ұлт өркениеттi әлемде бәрiбiр отар елден артық саналмайды.
Шет мемлекеттердiң көмегi мен қолдауына сүйену адамдық сипаттардан жұрдай, кедейшiлiк, әлсiздiк және мүсәпiрлiктi мойындаудан басқа ештеңенi бiлдiрмейдi. Шындығында да, мұншалық төмен деңгейге түспегендердiң өздерiне басшы етiп шетел азаматын тағайындауына жол бермеу керек. Алайда, түрiк халқының ар-намысы мен абыройы және қабiлетi өте жоғары. Мұндай ұлттың құл болғанша жоқ болғаны жақсы...
Олай болса, не тәуелсiздiк, не өлiм!
Түрiк бауырларымыз Республика күнiн 1923 жылдан бері тойлап келедi.
Камбоджаның тәуелсiздiгi - тәуелдiлiк сезiмiнен таза сана билiгiмен орнады. ХIХ ғасырдың орта шенiнен 1945 жылға дейiн Францияның колониясы болып келген Камбоджа 1953 жылғы 9-қарашадан өз тәуелсiздiгiн тойлап келедi. Ол тәуелсiздiктiң өзi Жапонияның Камбоджаны оккупациялауымен келген болатын. Жапонияның жеңiлiсiнен кейiн түбекте француздар екiншi мәрте өз протекторатын орнатып, Камбоджаны Франциялық одаққа қосып алды. Ұзақ уақыт бойы жүргiзiлген азат ету қозғалысы 1953 жылы 9-қарашада Камбоджаның тәуелсiздiгiн жариялады.
1958 жылы ел астанасы Пномпеньде тәуелсiздiкке арналған ескерткiш орнатылып, барлық мемлекеттiк мәдени iс-шаралар осы жерде өткiзiлетiн болды.
Пәкiстан Ислам Республикасы өз Тәуелсiздiгiн 1947 жылғы 14-тамыздан атап өтiп келедi. Пәкiстанның тәуелсiздiк жолындағы күресi ислам идеясынан туындаған еркiндiк, теңдiк көзғарасымен келдi. Мұсылмандардың қасиеттi Рамазан айынан соң үш күннен кейiн өз Тәуелсiздiгiн жариялаған Пәкiстан өз бағытын ислам әлемiмен байланыстырды.
Израиль - Тәуелсiздiк мереке-сiн 1948 жылғы 14-мамырдан атап өтiп келедi. Бұл күнi салтанатты қабылдаулармен қатар әскери шеру өткiзiледi. Дiни көзғарастағы еврейлер қасиеттi орындарда сүрелер оқып, Танаха (Библия) оқудан халықаралық конкурс өткiзедi.
Түркiменстан - Тәуелсiздiгiн 1991 жылы 27-қазанда жариялаған. Алайда, халық бұл мерекенi 1 ай бойы тойлайды. Мерекелiк iс-шара Ашхабадтағы Тәуелсiздiк монументi мен оның айналасындағы түркiмен халқының тарихында өзiндiк орны бар, ақындар мен ойшылдарға, ел билеушiлерiне соғылған ескерткiштерге тағзым етуден басталады. Әскери шеру өткiзiлiп, Гиннестiң рекордтар кiтабына енген ұзындығы 133 метрдi құрайтын әлемдегi ең ұзын Мемлекеттiк Тудың жанында мерекелiк от-шашулар өткiзiледi.
Тәуелсiздiк мерекесiне орай «Түркiмен аттары» ойын-сауық кешi өтiп, мемлекеттiк наградалар тапсырылады.
Түркіменстанда халықты отаншылдыққа тәрбиелейтін ұлттық негізден бастау алатын бұдан басқа да бірнеше ұлттық мерекелер бар. Мәселен «Түркімен қауыны», «Түркімен кілемі», «Мақтымқұлы пырағы», «Бір тамшы су» мерекелері жыл сайын жалпы халықтық ұлан асыр той ретінде аталып өтіледі.
Үндiстан тәуелсiздiгiн 1947 жылы 15-тамызда жариялаған. Бұл күнi Дели қаласындағы Қызыл форт қабырғасына 1947 жылы елдiң тұңғыш премьер-министрi Джавахарлал Нерудiң ықпалымен көтерiлген үш түстi Мемлекеттiк Тудың жанына халықтың жиналуымен мерекелiк шаралар басталады. 1947-1949 жылдарда Тәуелсiздiк күнiне орай әскери шерулер өткiзiлiп тұрған.
1950 жылы Үндiстанның Республика болып жариялануына орай, Тәуелсiздiк мерекесi екiншi қатарға ығыстырылған.
Ресей Федерациясында 1992 жылы 12-маусымда РСФСР-дiң мемлекеттiк суверенитетi жөнiндегi Декларациясының қабылдануының бiржылдығына орай, оны «Тәуелсiздiк күнi» мерекесi деп қателесушiлер көп болды. 2002 жылдан бұл мереке «Ресей күнi» деген жаңа атаумен тойланып келедi.
Шындығына сайсақ, Ресей тәуелсiздiгiн қайта қалпына келтiру 1480 жылғы 11-желтоқсанда моңғол-татар басқыншылығынан азат етуден басталады.
Тәуелсiздiк философиясы көрiп отырғанымыздай iшкi мәнiн өзгерткенмен, түпкi аңсарын бұзбай сақтап қалған. Бұл көп елдердiң басты қаруы. Бiз осыған орай, тәуелсiздiк дилеммасы неде деген сауалдың төңiрегiнде ой өрбiтуге тырыстық. Енді әңгіме ауа-нын Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне қарай орайластырайық.
Тәуелсіздік үшін күрес тәуелсіздікке дейін ғана емес, тәуелсіздік алғаннан кейін басталады. Өйткені отар елдің бір жауы, яғни отаршылары болса, тәуелсіз елдің мың жауы болады. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін қауіп-қатер мен мүмкіндіктерін дұрыс бағалау арқылы сақтай аламыз. Әзірше қазақ өзін қазақ сезінетін мерекелік күн - әз-Наурыздан басталған ба? - деп үрейленесің. Осы тұста ұлттың басын біріктіретін, қазақты өзгеге таныта түсіретін ұлттық мерекелерімізге ерекше басымдық беруге абзал болар еді. Қазақтың ұлттық сезімі нәзік, көңілі жарымжан, әр нәрсеге алаңдағыш, себебі, отарлау заманының салған жарақатының орны әлі жазылған жоқ. Тәуелсіздік алған қазақ ұлтының ең нәзік, осал жері де ұлтының болашағы. Осыдан үш жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжановтың «Той толқытқан ой» (№335-338, 31 қазан 2007 жыл) деген мақаласы жарық көрген болатын. Онда мемлекеттілігімізді ұлықтауға байланысты көңілге қонымды ойлар қамтылған. Егемендігіміздің арғы-бергі тарихын қозғаған сол мақаладан үзінді келтіруді жөн санадық.
Біріншіден, бодандыққа қарсы күрестің асқар шыңындай Алаш қозғалысы 1917 жылдың 12-желтоқсанында екінші жалпықазақ съезінің шешімімен Алаш автономиясын жариялады. Тарихи сәттің мәнін «Сарыарқа» газеті былайша ашқан екен: «Декабрьдің 12-сі күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге Алаш автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт Отанды болды». Демек, 12 желтоқсан «Алаш күні» аталуға сұранып тұрған жоқ па?
Екіншіден, 1917 жылғы 13-желтоқсанда М. Тынышпаев, М. Шоқай басқарған Түркістан мұхтариятын (автономиясын) қолдап, Ташкент көшелеріне шыққан бейбіт халық шеруін большевиктік билік қару қолданумен қанға бояды, отарлық саясат жалғаса беретіні әшкереленді. Баймырза Хаиттың жазуынша бетбұрысты саяси оқиғаға айрықша мән берген АҚШ конгресі арада 42 жыл өтсе де, 1959 жылдың 17 шілдесінде қаулы қабылдап, 13-желтоқсанды Түркістан күні деп жариялауға ұйғарыпты. Біз бұл күнді «Азаттық күрескерлері күні» деп неге атамаймыз?
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 14-желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл аптаның соңғы жұмыс күні - сенбі еді. Маңызы жағынан келгенде бұл күн «Ұлттық мақтаныш күні» ғой.
Төртіншіден, Президентіміз Н.Назарбаев 1991 жылғы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Азаттықтың таңы атты.
Бесіншіден, 1992 жылғы 15-желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған тұңғыш салтанатты жиын өтті. Онда Президент Н.Назарбаев «Қазақстанның өз жолы, өз болашағы» тақырыбына баяндама жасап, алдағы 3 жылда тұтыну нарығын реттеуге, келесі бес жылда экономиканың шикізаттық сипатын жеңуге, 10-15 жыл ішінде индустриялды жаңа елдер қатарына енуге апаратын экономикалық реформалар міндетін дәйектеді. Мақсатқа жетудің кепілі ретінде үш факторды -қажырлы еңбек, шыдам және ұлттық келісімді қадап-қадап көрсетті. Бүгінде Қазақстандық жол - әлем мойындаған ақиқат. Ендеше, «Болашаққа ұмтылыс күні» аталуға толық негізі бар.
Алтыншыдан, Республикамызды ширек ғасыр басқарған әйгілі Д. Қонаевты адам білмейтін Колбинмен ығыстырған Кремльдің өктемдігіне наразы қазақ жастары 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда мұздай қаруланған кеңес әскеріне қарсы тұрып КСРО деген империяның шаңырағын шайқады. Содан оңалмаған империя 1991 жылғы 8 желтоқсанда күйреп түсті. Біздің ойымызша 17 желтоқсан «Тоталитаризмді айыптау күні», 18-желтоқсан «Отаншылдық күні» мәртебесіне әбден лайық.
Уақыт ағымына қарай, жоғарыдағы ойлар кемеліне де келер, бірақ ол кезде кеш болып қалуы әбден мүмкін.

«Үшқиян» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534