Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2519 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 05:40

Байжан ДУБАЙ. Телеарналарға Тәуелсіздік түкке тұрмайды

Үш күннен кейін Алаштың Ұлық мерекесі тәуелсіздік күні болады. Елдің егемендігін әспеттейтін ең қасиетті мереке Жаңа  жылдың көлеңкесінде қалып келеді деп өкініштен өзегіміз өртеніп жүр. Дегенмен, бұл мерекені тым болмағанда бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде телеарналар танымал етер деген үміт те ақталмай отыр. Тәуелсіздік туралы терең талдау материалдар, патриоттыққа шақыратын бейнесюжеттер, елдің еңсесін биіктетіп, арманын ұштайтын қазақ кинолары, жұрттың жүрегіне ұлтты сүю идеясын ұялататын бағдарламалар болса бұлай пұшайман болмас едік.

Енді телеарналар қазақ үшін қасиетті күн 16-желтоқсанда не көрсетеді? Соған тоқталайық.

Елдегі басты арна мәртебесін «меншіктеп» алған «Хабарда»мерекелік көңіл-күй аса байқалмайды. Әдеттегідей әлдеқашан жазып алынған концерттермен эфирді толтырады. Әйтеуір, егемендік үшін күрескен ардақтыларды Алаш жұртының есіне салатын эфирде 14:30-да басталатын «Мұстафа Шоқай» фильмі ғана. Ал, негізгінен ел тәуелсіздігін бір кісінің атымен ғана байланыстыратын «хабарлықтар»  эфирдің егемендікке арналған өзге уақытының басым бөлігін Н.Назарбаев пен «гүлденген» Қазақстанға арнаған. 18:15 Біздің индустриализация. 18:30 Теміртау көктемі. 19:40 Озық өркениетті Қазақстан. 20:30 Тәуелсіздік толғауы. 21:30 Тәуелсіздік тартуы.

Жылт еткен жаңалық пен тәуелсіздікке деген құрмет «Қазақстан» ұлттық арнасынан ғана байқалады. Эфир уақыты негізінен мерекелік концерттер мен арнайы бағдарламаларға берілген. 09:50 Азат елдің асқақ үні. 09:55 Елдестірмек елшіден. 10:00 А.Омаров, Т.Қосубаева, Т.Пірімжанов «Саған күшік керек пе?» фильмінде ("Қазақфильм", 1994 ж.) Режиссері: К.Қасымбеков. 11:05 Тәуелсіздік таңдары. Деректі фильм ("Қазақстан" ҰТА, 2010 ж.). 11:30 Сағындырған әндер-ай. Ретрофестиваль 13:55 Ұлттар ұлықтаған ұлы дала. Деректі фильм ("Қазақстан" ҰТА, 2010 ж.) 18:30 Нұрсұлтан. Президенттің үлкен ойыны. Деректі фильм (Ресей, 2010 ж.) Режиссері: Александр Замыслов. 20:00 Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанат. 22:20 Қазақ киносының онкүндігі. Д. Жолжақсынов, А. Матай, С. Оразбаев «Біржан сал» драмасында ("Қазақфильм", 2009 ж.) Режиссері: Д.Жолжақсынов.

Қашан да қазақтың мүддесін менсінбейтін «КТК» телеарнасы бұл күні де сол әдетінен жаңылмайтын секілді. 16-желтоқсан күнгі бағдарламалар кестесінде елдің егемендігін әспеттейтін ештеме жоқ. Есесіне маймылдар, елімізге ентелей кірген өзге дін өкілдері жан-жақты сөз болып, «мәңгілік өмір ішірткісін» іздеуге басымдық берілген. 08:00 Қайтпас қайсар маймылдар. 09:00 Әлем дІндерІ және Қазақстан. 14:10 Мәңгi өмiр сүргiң келсе.

Тәуелсіздік тақырыбын жырлайтын қазақ әншілері құрып қалғандай бұл күні КТК эфирінде тағы да Ресей жұлдыздары «жарқырайды». 16:40 Мерекелік концерт. (Николай Басков)

Елдің атын еншілегенімен елге еш себі тимейтін «Еларна» да 16-желтоқсанды әспеттеуді ойламайды. Бұл арнаның да бағдарламасында  сүйсініп көретін, тәуелсіздіктің рухын тірілтетін ештеме жоқ. Астананың «жарқыраған» жырлары мен билікке арналған «одалар». Бағдарламалардың басым бөлігі «өз» тілдерінде, яғни ресми тілде болады. Жетім қыздың еншісіндей етіп қазақ өнері мен мәдениетінен түн ауған соң ғана бір фильм ұсынған: 01:00 Дала экспресі.

Эфирге қазақ тілді бағдарламаларды тендерден ұтқан тиынды «сіңіру» үшін ғана беретін «Мир»телеарнасы да 16-желтоқсанда жарытып ештеме көрсетпейді. Әуел десеңіз бұл күні «Мирде» қазақ тіліндегі бірде бір бағдарлама жоқ. Телебағдарламада солай жазылып тұр.

Орыстың ақпараттық экспанциясын жүргізе бастаған «31-арна» бұл күні жұртты «жыртықай» скетч-шоаулар, дарақы күлкіге құрылған мәнсіз бағдарламалар, орыстың ұятсыз, арсыз қылықты жарнамалайтын сериалдарын ұсынады. Бұл күні өзін қазақпын дейтін, елдің егемендігін әспеттеп, тәуелсіздігіне тәуба айтқан адам 31-арнаны ашып қарамасы анық.

«Астана» арнасында да бұл күні тәуелсіздікті тәу еткен бағдарлама атымен жоқ. Тек 17:10-даорыс тіліндегі «Праздничный концерт, посвящённый Дню Независимости» бағдарламасы бар.

16-желтоқсан күні азаттық, тәуелсіздік жолында жан пида болған ерлер туралы еске салатын  бағдарлама «Алматы» арнасында бар екен, тәуба.  12:00 Өрлік дастаны. 13:00 Қыз жІбек. 19:00 Махамбет. 20:30 Кенесары.

Соңғы кезде басынан дау арылмай жүрген «7-арнада» желтоқсандағы тәуелсіздік мерекесіның құны көк тиын екен. Есесіне Шынмашын, яғни қытай патшалығы әспеттеліп, түрік пен ресей сериалдары үзбей көрсетіледі.

«Абай-ақпарат»

www.masa.kz сайтынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576