Жазушы Шеголихинмен Алматы қоштасты
Алматы. 14 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматыда жазушы, саяси қайраткер Иван Шеголихинмен қоштасу рәсімі болып өтті, деп Алматы әкімшілігі баспасөз қызметінен хабарлады.
Қоштасу рәсімі сейсенбі күні Мүсірепов ат. ЖКТ -да жазушының туыстары мен жақындарының қатысуымен өтті. Оған қала әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, қоғамдық саяси қайраткерлер, мәдениет және өнер өкілдері қатысты.
И. Шеголихин 1927-ші жылы Қостанай облысында дүниеге келген, 1958-ші жылдан бері КСРО жазушылар одағының мүшесі. Оның танымал романдары мен повестері - «В одном институте», «Храни огонь», «Дефицит», «Не жалею не зову не плачу», «Машина бремени», «И снова утро», «Пятый угол», «Слишком доброе сердце», «Снега метельные», «Шальная неделя», «Должностные лица», «Желтое колесо», «Хочу Вечности», «Холодный ключ забвенья», «День Лазаря» мен т.б.
Ол ең бірінші болып орыс тіліне Мұқтар Әуезовтың, Сәкен Сейфуллиннің, Сәбит Мұқановтың, Мәлік Ғабдулиннің және басқа да қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларын аударды.
И. Шеголихин тәуелсіз Қазақстанның саяси тіршілігіне белсенді қатысты, ҚР президентінің жанындағы ұлттық кеңес мүшесі, жоғарғы кеңес депутаты, ҚР парламентінің сенат депутаты болды.