Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2654 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 09:39

Ақтөбе облысында бес елді мекен аттарын өзгертті

Ақтөбе. 14 желтоқсан. ҚазТАГ - Ақтөбе облыстық мәслихат шешімімен Алға және Темір ауданының бес елді мекен аттары өзгертілді. Бұл шешім облыстық онамастика комиссиясының бастамасымен облыстық мәслихаттың  XXV-ші сессиясында қабылданды.

Атап айтқанда, Алға ауданындағы Ильинка селосы тіркеуден соң Ақай деп аталатын болды. Тиісінше Ильинское ауыл округы Ақай ауыл округы болып қайта тіркеуден өтеді.

Осы округтағы Лохвицкое селосы - Бұлақсай аулы, Богословка селосы - Үшқұдық ауылына өзгертілді.

Темір ауданында Ленинское селосының орнына Жамбыл, ал Шығырлы ауыл округындағы Рождественское селосының аты Бірлік ауылы болып өзгертілді.

«Аттарын өзгерту бюджеттен қаражат қажет етпейді, себебі олар тілдердің аймақтық даму және қолдану бағдарласында қарастырылған», - деді облыстық онамастика комиссиясының мамандары.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1946
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4767
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3924