Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2211 0 пікір 15 Желтоқсан, 2010 сағат 05:17

Парламент қылмыстық заңнаманы гуманизациялауға бағытталған заңды қабылдады

Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні пленарлық отырысында «Кейбір заң актілеріне қылмыстық заңнаманы гуманизациялау және қылмыстық процестегі заңдылық кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сенаторлар енгізген түзетулермен келісті. Осылайша, регламентке сәйкес, заң қабылданды деп есептеледі және қол қою үшін мемлекет басшысына жолданады.

Еске сала кетейік, сенат депутаттары мәжіліс мақұлдаған заң жобасына редакциялық және нақтылаушы мәнге ие бірқатар түзетулер енгізген болатын.

Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Иоган Меркельхабарлағандай, енгізілген түзетулерге сәйкес бейқылмыстандыру жеңіл және орташа ауыр қылмыстарға жататын қылмыстарға қатысты қолданылады.

Оның айтуынша, заңмен бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жазалау түрлерін қолдану аясын кеңейту қарастырылған.

Заңмен қылмыстың 25 құрамын бейқылмыстандыру қарастырылған, оның ішінде экономикалық қызметтегі 5 қылмыс әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына ауыстырылады. Қылмыстың 16 құрамы бойынша бас бостандығынан айыру мерзімдерін қысқарту, 21-і бойынша жазалаудың бұл түрін мүлдем алып тастау жоспарланған.

«Қазіргі уақытта Қазақстан түрмеде отырғандардың саны бойынша әлемдік рейтингте 17-ші орында тұрғанын білесіздер, осы азаматтардың санын азайту мақсатында қылмыстық заңнамаға бірқатар түзетулер қарастырылған. Мысалы жеңіл және орташа ауыр қылмыстар бойынша бас бостандығына балама жаза қолдану қарастырылған», - деді И.Меркель.

Бұдан басқа, құжатта қамауға алу шарасын қолдану негіздерінің санын қысқарту көзделген. «Қазіргі уақытта бұл шара баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырса қолданылады. Енді бұл шекті бес жылға дейін арттырамыз. Осылайша, орташа және жеңіл қылмыстар бойынша қамауға алуды шектейміз», - деді ол.

Бас прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, бұл шара жылда 19 мың айыпталушыға қатысты қолданылады.

«Түзетулерді қабылдау бұл санды шамамен 25%-ға қысқартуға мүмкіндік береді», - деп мәлім еткен болатын бас прокурордың бірінші орынбасары.

Қабылданған түзетулермен қылмыстық жауапкершіліктен босату жағдайында жаңа негіз енгізіледі. Бас прокурордың бірінші орынбасары мәлімдегендей, тұлға келтірген шығынды өз еркімен және толық көлемде төлесе, салық, өсімақы, айыппұл және т.б. төлесе, бұл негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға қылмыстық сот өндірісінің кез-келген кезеңінде, тіпті үкім шығарылғанға дейін де жол беріледі.

Сонымен қатар, заңда ҚР ҚК-ге ауырлатушы жағдайлар тізіміне құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың қызмет бабын пайдалану арқылы жасаған қылмыстары енгізіледі.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ шараларды қолданы үшін негіздер көбейтіледі. «Жеңіл қылмыс жасаған және жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған орташа ауыр қылмыстарды алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айыру мүлдем қолданылмайды, деді бас прокурордың бірінші орынбасары.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555