Мәсімов Назарбаевқа оның істерінде өзгеріссіз көмекшісі болып қалатынын айтып, уәде етті
Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР премьер-министріКәрім Мәсімов президент Нұрсұлтан Назарбаевқа оның істерінде өзгеріссіз көмекшісі болып қалатынын айтып, уәде етті.
«Нұрсұлтан Әбішұлы, мен бұл туралы көпшіліктің алдында айтқан болатынмын, қазір де айтамын. Мен сіздің көмекшіңіз болып келдім, қазір де сіздің көмекшіңізбін, алдағы уақытта да солай болады», - деді К.Мәсімов сәрсенбі күні Ақордада Тұңғыш президент – Ұлт лидерінің орденін табыс ету рәсімінде.
«Нұрсұлтан Әбішұлы, мені толқытатын ештеңе жоқ деп ойлайтынмын. Бірақ бұл сондай толқытарлық оқиға болып отыр. Сізбен бірге құрған тәуелсіз Қазақстанның 19 жылы, және мұнымен ешкім дауласа алмайды. Еліміздің әр азаматы: «Қазақстан Республикасы деп аталатын ұлы елде тұрып жатқаныма бақыттымын, менің осындай президентім болғанына да бақыттымын» деп айта алады»,- деді премьер-министр.

Орденді табыс ете отырып мемлекет басшысы К.Мәсімовтың 2008-2009 жылдары елді дағдарыстан шығару бойынша үлкен және табысты жұмыс атқарғанын, осының арқасында «еліміз дағдарыстан үлкен шығынсыз шыққанын» атап өтті.
«Үкіметтің еңбегін ескере отырып Тұңғыш президенттің орденін Кәрім Мәсімовқа табыс етемін», - деді Н.Назарбаев.
Министрлер кабинетінің бірқатар мүшелері түрлі ордендермен марапатталды. Премьер-министрдің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке «Құрмет», ТЖМ басшысы Владимир Божкоға І дәрежелі «Барыс» ордені, мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке «Парасат» ордені табыс етілді.
Сондай-ақ, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин, Астана әкімі Иманғали Тасмағанбетов, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов марапатталса, президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевқа, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовқа және тағы басқаларына «Парасат» ордені табыс етілді.