Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5838 0 пікір 16 Желтоқсан, 2010 сағат 08:52

Тәуелсіздікке еңбегі сіңген азаматтар. Олар кімдер?

Тәуелсіздіктің жолы ауыр әрі азапты болғаны рас. Тіпті, Тәуелсіздік үшін бүгінгі күні де болашақта да тоқтамақ емес. Бүгінгі аяулы күнге аянбай еңбек етіп, алтын басын осы жолда бәйгеге тіккен азаматтардың да ісі мен ерлігі, еңбегі Тәуелсіз ұрпақтың жадында жаңғырып тұрары хақ.

«Азамат» пікірсайыс клубы мен «Аbai.kz» порталы жас журналистер арасында «Сіздің ойыңызша, тәуелсіздікке еңбегі сіңген азамат кім?» деген сұрақпен сауалнама өткізілген еді. Сауалнамаға қатысқан жас журналистердің басым бөлігі Тәуелсіздікке еңбегі сіңген азамат ретінде:

1.      Мұхтар Шаханов

2.      Алаш Орда қайраткерлері

3.      Қайрат Рысқұлбеков және1986 жылы алаңға шыққан жастарды атады.

Сауалнамаға барлығы 35 адам қатысты. Жауаптар қатарында Дінмұхамед Қонаев, 1991 жылғы Жоғарғы Кеңес депутаттары, Тоқтар Әубәкіров, Бекболат Тілеухан сынды азаматтар да болды. Сонымен қатар Горбачев, еліміздің қарапайым азаматтары дегенде жауаптар болды.

Жас журналистердің де арнайы алынғандығын атап өткіміз келеді. Себебі, жастар Тәуелсіздік дегенде қай тұлғаны елестететіні біз үшін маңызды болды.

Бір айта кететін жайт, сауалнамаға қатысушыларға бүгінгі мемлекеттік биліктегі адамдарды көрсетпеуін ескерттік. Себебі, кез келген биік өкілінің халыққа, Тәуелсіздікке қызмет етуі олардың жұмысы болып табылады.

Ал, Сіз Тәуелсіздікке еңбегі сіңген азаматтар деп кімдерді айта аласыз?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550