Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3093 0 пікір 16 Желтоқсан, 2010 сағат 12:00

Желтоқсан оқиғасының тарих таразысы

Әлемді КСРО құбыжығынан құтқарған ел атануға әбден хақылымыз. Ол құқымызды заңдастыруға жарайтын факті - қазақ жастары толқытқан Желтоқсан оқиғасы. Әрине, ұлттық намысынан басқа қаруы жоқ ұл мен қыздарымыз күші басым жазалаушы тараптан жеңілді. Бірақ олардың көрсеткен өршіл үлгісі һәм жасаған саналық төңкерісі жаңаша либералды әлемнің бетін ашқан жаңа заман тарихындағы үздік оқиғалардың бірі еді.

Жандасу қалай болып еді?

Әлемді КСРО құбыжығынан құтқарған ел атануға әбден хақылымыз. Ол құқымызды заңдастыруға жарайтын факті - қазақ жастары толқытқан Желтоқсан оқиғасы. Әрине, ұлттық намысынан басқа қаруы жоқ ұл мен қыздарымыз күші басым жазалаушы тараптан жеңілді. Бірақ олардың көрсеткен өршіл үлгісі һәм жасаған саналық төңкерісі жаңаша либералды әлемнің бетін ашқан жаңа заман тарихындағы үздік оқиғалардың бірі еді.

Жандасу қалай болып еді?

Әлқисса, 1986 жылғы Желтоқсан оқи­ғасында жастар алаңға Шәмші әнін ұран етіп айтып, ереуілге көтерілді. Шынды­ғы­на келсек, ешқандай да қағазбасты­лық­сыз, халықтың өз ықтиярымен «Ме­нің Қазақстаным» сол жылдың 16-17 жел­тоқсанында-ақ Әнұранға айналған болатын. Жалпы, бүгінгі күннің биігінен қарар болсақ, ол шақтағы оқиғалар тізбегі, бәрі де өз уақытына сай қаталдық қисын­мен жүріп отырған-ды. Қарап отырсаңыз, М.С.Горбачевтің сұлу сөздеріне сеніп жүрген адал да аңғал қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлауына келіспеушілік білдірді. Сөйтіп, олар «Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрудың жарияланып жатқан демократиялық прин­циптері арасындағы айқын қай­шылықтың» шынайы келбетін тұңғыш рет айқара ашып, Мәскеудің екіжүзділігіне, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шықты. Әрине, күш мүлдем тең емес. Бейбіт жиынға барған қарусыз жастар темір таяқпен, саперлік күрекпен, адам аулайтын иттермен қаруланған, өрт сөндіру көліктері және бронетранспортерлермен жарақтанған әскерге қалай төтеп берсін?! Империяшыл жазалаушылар мен Алматыдағы шови­нис­терден құрылған жасақшылар өрімдей жастарымызды аса қаталдықпен басып-жаншыды. Үлкен-кіші демей қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, итке талатып сабағандарды басқаша қалай бағаларсың?! Қанға бөктіріліп басылған бодандыққа қарсы бұлқыныс - Желтоқсан оқиғасы да қалғып-мүлгіп жатқан күллі Кеңес Одағын оятты. Көп ұзамай Балтық бойы елдері бостандық жолындағы күресін бастады. Тбилиси, Баку толқулары тұтанды. Ақырында, Желтоқсанның жойқын желі Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріне жетіп, құлдық бұғауын үзіп, отаршылдық­тан босаған жаңа егеменді мемлекеттерді дүниеге келтірді. Өзгелер білсін-білмесін, Желтоқсан оқиғасының жеміс-жалғасы - шып-шырғасыз шындығы осындай.

«Желтоқсанның»
басты жетістігі не?

Әмбеге аян, 80-ші жылдары «қайта құру» ұраны күшінде болғанымен, Кеңес Одағының халқы негізінен таптық көз­қараста болды. Пиар тілімен айтқанда, «милары жуылған» қара бұқара мешеу халдеріне қарамастан, «жарқын коммунизмге» аяқ басып барамыз деген нық сенімде-тін. Бұл шақта басым көпшілік, экономикалық ұтылыстарын айтпағанда, жалпы 15 республиканың ортақ тұрғысынан бағалар болсақ, тілінен, ділінен, дінінен, мәдениетінен мақрұм болып, дүбәрала­нып бара жатқанынан бейхабар болатын. Міне, осындай өліара кезеңде мәскеулік пропаганданың гипнозында ұйқылы-ояу отырған елге Желтоқсан оқиғасы үстінен шелекпен мұздай су құйып жібергендей әсер етті. Жазалау науқандары арасында апыл-ғұпыл шошып оянып үлгергендер, өздерінің шын мәнінде тұлға ретінде ғана емес, бүтін бір ұлт болып жар жиегінде тұрғанына көз жеткізді. Яғни осы қарқынмен елінің ел, ерінің ер болмайтынын ұқты десек те артық емес. Тоталитарлық жүйе туғызған түнек­тің айкезбелері осылайша желтоқсаншы­лар шарапатымен есін бір жиып алған еді. Олардың арасында көппен бірге қазақ зиялылары да оянды. Олардың да жалған иллюзиялардан арылуына осы уақиға себеп болды. Оны өздері де әлі күнге мойындайды. Бұл дүмпудің басты жетістігі сол - Алматыдағы Желтоқсан саяси төңкеріс емес, саналық төңкеріс жасады. Ал бұл төңкерістердің ең ұлысы болса керек.

Жүрегіміз неге
сыздайды?

1986 жылдың желтоқсаны - қазақ үшін ауыр да қасіретті ай. Өз кезегінде тәуелсіздігімізді алып, тізгінімізді өз қо­лымызға алғаннан кейінгі 20 жылдың ішінде әлі де болса біраз шындықтың ашылмауы, жастарымыздың жазықсыз төгілген қанының өтелмеуі жүректі сыздатып, жанымызды күйдіреді. Бұл - сан ғасырлық ұлт-азаттық күрестің соңғы бұлқынысы. Бұл - «негізі шайқалмас» деп есептелген тас-түйін Кеңестер Одағының таңын айырып, көз­ден қан болып аққан әлеуетті халықтық там­шы. Қызылдар құрған таптағыш та тарпы­ғыш жүйенің етігі ішінде тас қызметін атқар­ған жалпыодақтық масштабтағы тұңғыш нәтижелі қарсылық. Бұл туралы профессор Тұрсын Жұртбайдың: «Желтоқсан оқиғасы өзінен-өзі пайда болған жоқ. Ол сонау «Алашорда» қозғалысынан бастап, бірде «Үлкен Түркістан», бірде «Жас тұлпар», бірде «Талап», бірде «Жас қазақ», бірде «Есеп», бірде «ҚҰҚ» іспетті ұйымдар арқылы сүзіліп келген ұлттық астыртын, жартылай астыртын немесе мәдени-үгіт-насихат тәсілін пайдаланып, ашық жұмыс істеген қозғалыстың заңды жалғасы» деуі - өте орынды пікір.
Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында болашақ мүм­кіндіктерге жол ашар тарихи прецедент болып қалады. Бұл - айна-қатесіз дәл сол оқиға.

http://anatili.kz/?p=5388

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550