Түркменстан Каспийде «мұнай серпілісін» жасамақ - Trend Capital
Ашхабад. 8 маусым. ҚазТАГ – Түркменстан Каспий маңындағы басқа елдер, әсіресе Әзербайжан мен Қазақстан сияқты өз алдына Каспий қайраңын игеру бойынша батыл жоспар қойып отыр, деп хабарлайды Trend Capital ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Western Geco геофизикалық компаниясының бағалауынша, Каспий қайраңының түркменстандық секторының қоры келісімшарт жасалған блоктарды есептемегенде, 11 млрд тонна мұнай және 5,5 трлн текше метр газды құрайды. Түркмениялық дереккөздердің атап көрсетуінше, бұл - бүкіл ел шеңберіндегі мұнай қорының жартысынан астамы және газдың төрттен бір бөлігі.
Көмірсутек ресурсының әлеуетін кеңейту, негізінен кен орындары алыс орналасқан Каспийде батыс технологияларын енгізу арқылы Түркменстан 2030 жылға қарай жыл сайын 250 млрд текше метрге дейін газ және 110 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Ағымдағы өндіру көлемі - 70 млрд текше метр газ және 10 млн тонна мұнай.
Түркменстанның ОЭК-нің тиімділігі үшін шетелден тартылатын тікелей инвестициялардың жыл сайынғы көлемі $10 млрд-қа жуықтауға тиіс. Болжам бойынша, 2009 жылы инвестициялық қаржы $4 млрд-ты құрауға тиіс, ал өткен жылы $2,3, 2007 жылы шамамен $900 млн, 2006 жылы $650 млн-ға жуық инвестиция құйылған болатын .

Түркменстандық ресми ақпарат көзінің хабарлауынша, 32 лицензиялық блок халықаралық тендерге шығарылды. Келіссөз процесіне американдық Chevron, ConocoPhilips, Marathon, Midland Oil & Gas, британдық British Petroleum, немістің RWE, аувстриялық OMV, норвегиялық Statoil Hydro, француздың Total, ресейлік ИТЕРА, ЛУКОЙЛ және Қиыр Шығыс пен Парсы шығанағының бірнеше компаниясы енгізіліп отыр. Бұл компаниялардың барлығы дерлік Ашхабадта өз өкілдіктерін ашты. Келіссөздерге жақын жүрген дереккөздің хабарлауынша, қазіргі кезде жобаларды техникалық талқылау белсенді жүріп жатыр және оның айтуынша, жақын уақытта бірқатар мұнай-газ келісімшарттары жасалуы мүмкін.
«Шетелдік компаниялардың бұл аймаққа (Каспийдің) деген қызығушылығына көмірсутек шикізаты бойынша үлкен мүмкіндіктер, Еуропа мен Азияның тоғысындағы тиімді географиялық орналасуы, еліміздегі тұрақты саяси ахуал және шетелдік инвестициялар үшін заң жүзінде бекітілген кепілдемелер себеп болып отыр», - деп мәлім етті өз баяндамасында «Түркменмұнай» мемлекеттік концернінің төрағасы Ташлиев Гарягды конференциялардың бірінде.
«Түркменмұнай» мамандары өз есептерінде атап көрсткендей, қайраңдағы көмірсутек қорының 80% астамы 3 мың метр тереңдікте орналасқан шөгінділерде және мұнайгаз жинақталған аз зерттелген аймақтарда жатыр, сондықтан мұнай мен газдың жаңа кен орындары ашылады деген мүмкіндік жоғары. Әсіресе, Орта Каспий және Оңтүстік Каспий мұнай-газ бассейндеріне қатысты үлкен үміт бар.
Түркменстанда қазіргі уақытта Аустрия, Ұлыбритания, ГФР, Италия, Үндістан, Малайзия, БАӘ, Дания, Канада және Қытай сияқты он елдің мұнай-газ компанияларының қатысуымен жеті жоба жүзеге асырылып жатыр, оның төртеуі Каспий қайраңында.