Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5189 7 пікір 11 Желтоқсан, 2017 сағат 12:04

Мен - шыршамын!

Қорқамын... Жаңа жылдың жақындағаны жүрегіме үрей ұялатады. Неге дейсіз бе? Мүмкін сіз үшін жаңа жыл үлкен мейрам, ғажайыпқа толы кез шығар, бірақ мен үшін олай емес. Өйткені осы бір қарғыс атқыр мерекеге дайындық бастала салысымен, адамдар топ-тобымен келіп мен секілді шыршаларды кесе бастайды. Кейіннен үйлеріне әкеліп, үстімізге қытайдың салпыншықтарын тағып, шошақ-шошақтарын іліп берекемізді қашырады. Жарқыраған түрлі-түсті шамдары тағы бар.

Сол бәлекеттің кесірінен өртеніп кетем бе деп зәрем ұшады. Балалар болса мені шыр айналып ән салып, би билеп мәз. Тура бір сайқымазақ тауып алғандай. Ол ол ма, қаланың қақ ортасына апарып қоятындары да бар. Жаныңнан өткен әрбір жан суретке түсіп тыным бермейді. Шыршамен түскен суретті Instagram, Facebook-ке салу қазір «мода». Оған да көндік.

Алайда мен бір нәрсені түсінбеймін. Осы қазақтар желтоқсан басталмай жатып шыршамен арпалысқанша, неліктен Тәуелсіздік күніне дайындыққа сондай ыждағаттылықпен кіріспейді? Жап-жасыл етіп бізді мерзімінен бұрын қойғанша, халқы үшін өздерін құрбан еткен жандардың суреттерін іліп, рухына құрмет білдерсе нұр үстіне нұр болар еді. Неге осы туралы ойланбайды екен... Ай, бірақ, олардың ойлануға да уақыттары жоқ қой. Ойланып отыратын болса, кім шыршаны безендіреді? Кім дастарханға тамақ алады?

Тамақ демекші, бір ай бұрын жаңа жылға деп тоңазытқышты толтырып қояды, бірақ жаңа жыл жетем дегенше тамақтың бәрі бітіп, кейін кері базарға жүгіреді. Үйтіп-бүйтіп жаңа жылды да қарсы алады.  Содан соң менің қажетім болмай, бір қарасам қоқыста жатамын. Жыл сайын көретінім осы. Сонда бұны өмір деуге келе ме?..

Қуаныш Жұбандықов

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404