Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2167 0 пікір 20 Желтоқсан, 2010 сағат 07:07

Мәжіліс депутаттары «Air Astana» жұмысына тағыда наразылық танытты

Aстана. 20 желтоқсан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Мәжіліс депутаттары ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен өткен үкімет сағатында «Air Astana» әуекомпаниясының жұмысына тағыда наразылық танытты.

«Соңғы екі аптада «Air Astana» орындауындағы әуе қатыынастары нашар болып тұры. Біз оның рейстерінің үнемі кешігуін көріп отырмыз. Жаңа ұшып-қону жолдарын жарықтандырғыш жабдықтарды сатып алдық, бірақ ұшулардың кешігуі бәрібір жалғасуда», - деді мәжіліс депутаты Серік Оспанов.

Үкімет сағатында «Air Astana» әуекомпаниясының басшысы келмегеніне депутат Валерий Доскалов ашу танытты.

«Бәлкім оның келмей қалуының («Air Astana» әуекомпаниясының бастығы Питер Фостердің - ҚазТАГ) объективті себебі бар шығар. Ол мұнда әдейі келмей қалуы да мүмкін, себебі оның айтар уәжі де жоқ», - деген болжам айтты депутат.

«Бүгін таңертең еуропалық әуежайларды көрсетті - онда адамдар жайбарақат жүр, себебі оларда ақпарат бар (әуе рейстерінің кешігетіні туралы - ҚазТАГ). Ал бізде әуежайдан ақпарат алу мүмкін емес. Қарап тұрып алдайды, ол аз десеңіз, қызмет көрсетуші персонал тарапынан жолаушыларға өте дөрекі мінез көрсетіледі. Әуе рейстерінің кешігу себебі туралы ақпарат беру қиын ба екен?», - деп ашуланды В. Доскалов.

«Форстер мырза мұнда ешуақытта да бәсекелестерін жібермейтіндігі түсінікті. Егер басқа әуекомпанияларын жіберсе мұншама оңбағандық орын алмаған болар еді», - деп есептейді депутат В. Доскалов.

Өз кезегінде, министрлік басшысы А. Құсайынов соңғы апталардағы әуе рейстерінің кешігу себептерін ауа райының нашарлығымен түсіндірді.

«Заманауй жабдықтар бар, бірақ ол жабдықтармен қатар барлық ұшақтарда да олардың тұманды күндері және басқа да апаттық жағдайларда қонуға рұқсаттары болулары тиіс», - деді министр.

Ол «сіз айтып тұрған оңбағандықтар орын алып тұратынын» мойындады.  Одан басқа, ККМ басшысының айтуынша, «кейбір мәселелер осы саладағы персоналдың жетіспеушілігімен түсіндіріледі».

Әуе компаниясының нашар жұмысының бір себебі, министрдің айтуынша, ұшақтардың жетіспеушілігінде.

«Бізде лизингіге алынған аздаған ұшақтар бар», - деді Ә. Құсайынов.

Ол депутаттарға «соңғы уақытта үкіметте ұшақтар сатып алу мәселесін көтеріп жүргенін» жеткізді.

Сондай-ақ үкімет сағаты барысында Алматы және Астана әуежай басшылары жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Үкімет сағатына төрағалық еткен депутат Жәнібек Кәрібжанов министр мен әуежай басшыларының жауаптарунда «тәртіп жоқ» деп атап өтті.

«Министр мырза сіз осы мәселеге назар аударарсыз деп ойлаймын. Бұлай жұмыс істеуге болмайды, тәртіп орнатсын (әуе компаниясы, әуежай басшылары - ҚазТАГ), ең алдымен министрден бастап», - деп тұжырымдады Ж. Кәрібжанов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512