Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 8856 46 пікір 11 Желтоқсан, 2017 сағат 18:11

Қазақтың психологиялық ғылымы қарыштап дамып келеді

2017 жылдың 7-ші желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазіргі психологиялық ғылым мен тәжірибенің даму үрдістері  және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік  конференция және Қазақ психологиялық қоғамының I-ші құрылтай cъезі өтті, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

Қазақ психологиясының 100 жылдығына арналған халықаралық конференцияда және съезде қазақ психология ғылымының ұлтымыздың этногенезіне қосқан үлесі айтылып, психология ғылымының дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбектері аталып, болашақта атқарылатын ауқымды істер талқыланды.

Мұқан Әтенұлы Перленбетов, Қазақ психология қоғамының  президенті, психология ғылымдарының докторы:

- Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлтымыздың түп тамырына оралу мәселесін көтере отырып, басқа да гуманитарлық ғылымдар арасында психология ғылымын ерекше атап өткен. Қазақ халқының этногенезінде, ұлы дала жан ілімі «психология» деп аталмағанымен, бұл туралы ғұламаларымыздың ой пікірлері, ұлттық тәрбие мен тылсым дүниені түсінуде ата - бабамыздың рухани құндылықтары ілгері  гуманистік үлгіде қалыптасқанын байқауға болады.

Осы жайтты жақсы аңғарған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этникалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние».

Қазіргі кезде психология ғылымы мен практикасы адам өмірінің барлық саласына еніп, келеңсіз әлеуметтік - психологиялық проблемаларды шешуде негізгі күшке айналуда. Сол себепті Қазақ психологиясының 100 жылдығына арнап концеренция мен Қазақ психологиялық қоғамының I-ші құрылтай cъезін өткізуді жөн санадық.

Халқымыздың тәлім-тәрбиелік, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер тарихы ерте замандардан бастау алады. Олардың әрісін былай қойғанда, бергісі VI-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей түркі тас жазуларынан осындай өрелі ойлар көптеп кездеседі.

Ендігі әңгіме осындай ой-пікірлердің түп-төркіні қалайша ғылымға айналғандығы болып отыр. Сөзіміз дәлелді болу үшін қазақтың ғылыми психологиясына қатысты тұңғыш деректерді Ж. Аймауытов пен Ш. Құдайбердиевтің зерттеулеріне дәлел болатын материалдарды келтірейік:

1) Ж. Аймауытов «Қазақтың өзгеше мінездері» («Алаш» газеті, 1917 ж., 30 наурыз. Авторлары Семей мұғалімдер семинариясында оқитын Ж. Аймауытов пен М. Әуезов);

2) Ж. Аймауытов «Тәрбие» («Алаш» газеті, 1917 ж., 30 наурыз, «Абай» журналы, 1918, №1, 2);

3) Ш. Құдайбердиев «Тіршілік жан туралы» (1919 ж. орыс тілінен Қамалұлы аударған «Психология» оқу құралына рецензия. «Абай» журналы, 1918, №2);

4) Ғ. Қарашев. «Педагогика» («Мұғалім» журналы, 1919 ж., №1), т.б.

Егер 1917-1967 ж.ж. арасында елімізде психология ғылымы саласында қазақ және орыс тілдерінде бар болғаны 800-ге жуық еңбек (аударма, оқу құралдары, журнал, жинақ материалдары) жарық көрсе, тек қана 1991-2017 ж.ж. арасында, яғни тәуелсіздік алған 26 жылдың көлемінде осынау ғылымның әр түрлі тақырыпта 1700-ден астам еңбек (бұлардың көбі қазақ тілінде) жарияланыпты. Олардың көбі оқулық пен оқу құралдары, әдістемелік жинақтар, монографиялар, т.б. 

Осы деректер қазақ тілінде бір ғасыр ішінде ғылыми психологияның қалайша өріс алғанын жақсы көрсетеді.

Халқымыздың психологиялық сауаттылығын арттыру және психологиялық мәдениетін көтеру  мақсатында Қазақ психологиялық қоғамы құрылып, қазіргі таңда жан-жақты жұмыс жасауда, психология ғылымының әртүрлі салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда психология ғылымынан 40-тан астам докторлық, 150-дей кандидаттық диссертациялар қорғалды. Бұл Қазақстанда психологиядан қорғалған докторлық диссертациялардың жалпы саны Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан республикаларының ғалымдарының жалпы санынан асып отыр. Бұл еліміз үшін зор мақтаныш.

Съезде Қоғамның Орталық кеңесінің 2015-2017 жылдар арасында атқарған жұмыстары туралы есебі, тексеру (ревизиялық) комиссияның есебі, филиал директорлары мен аймақтық өкілдіктердің есептері тыңдалып, бекітілді.  21.04.2015 жылы Әділет Министрлігі бекіткен қоғам Жарнасына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып, Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуына ерекше үлес қосқан, облыстық, республикалық психологтар конкурсының жеңімпаздары және қоғамның белсенділерін марапатталды.

Abai.kz

 

 

46 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401