Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3730 1 пікір 13 Желтоқсан, 2017 сағат 08:14

Тапсырыс һәм әлемдік шедевр

Суэцк каналының ашылу құрметіне орай Египет билеушісі Исмаил Паша (Ибрагим Пашаның үшінші ұлы ғой) елінде тұңғыш рет опера театрын салғызады. Салтанатты шараны жаңа тың бір дүниемен ашу үшін Исмаил Паша атақты итальяндық композитор Джузеппе Вердиге музыкалық шығарма жазуға тапсырыс беріпті.

Композитор қомақты гонорарға "Аида" операсын жазып шығады. Бүгінде Египет билеушісі ұмыт болды, Египет мемлекетіне жылына әлі күнге 4-5 млрд доллар табыс әкеп тұрған Суэц каналының да 2 жыл бұрын жаңасы салынды, ал бірақ, пәленбай ғасыр бұрын тапсырыспен жазылған дүниенің әлі күнге әлемдік опера сахналарының төрінен түспейтін өлмес өнер туындысына айналды дегенге кім сенеді.

Сол секілді, ертең "Рухани жаңғыру" бағдарламасы, оның негізгі авторы Марат Тәжин, бүгін қазақтың ақын-жазушыларын қомақты гонорармен бір серпілткен "Рух" әдеби сыйлығы да ұмыт болар. Ал бірақ әдеби сыйлық үшін жазылған шығармалардың ішінде әлемдік шедеврлер болып қалуы әбден мүмкін ғой. Егер солай болса, Тәжин командасының еңбегі ақталған болар еді... Жүлдеге ие болған барлық азаматтарды құттықтаймын!

Айтпақшы, "Аида" демекші, "Руx" әдеби сыйлығы идеясының негізгі авторы, Үкіметтен қаржы бөлгізіп, бастаманың консепциясын жазып, дүркіреп өтуіне мұрындық болған Аида Балаева xанымға респект!

Дина Елгезек

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404