Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2820 0 пікір 21 Желтоқсан, 2010 сағат 04:29

Президент Қазақстанның халық артисі, дарынды актер Құдайберген Сұлтанбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

Астана. 20 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық артисі, дарынды актер Құдайберген Сұлтанбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Құдайберген Тәуекелұлы өзінің актерлік дара дарынымен халқымыздың шынайы сүйіспеншілігіне бөленген өнер иесі еді. Оны жұртшылық М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының артисі ретінде жақсы білді. Әйгілі «Тамаша» ойын-сауық отауының іретасын қалаушылардың бірі болып, сонда сомдаған сан қырлы, айшықты рөлдері арқылы халыққа кеңінен танылды. Зор абырой-беделінің арқасында Парламентке депутат болып сайланды. Еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз ұмытпайды деп ойлаймын», - делінген жеделхатта.

Қ. Сұлтанбаев 64 жасқа қараған шағында көз жұмды. Халық әртісімен қоштасу рәсімі Алматыда 21-ші желтоқсанда М. Әуезов ат. академиялық драма театры ғимаратында өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1713
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4474
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3472