Сот орындаушылары НТС мүлкін тізімдей бастады
Бішкекте сот орындаушылары парламент депутаты Омурбек Бабановқа тиесілі НТС телеарнасының мүлкін тізімдеуге кірісті.
Телеарна заңгері Амантур Абдрахмановтың айтуынша, тізімге алу телеарна бас директорының кабинетінен басталған. Сот орындаушылары есепшіден тізім жасауға негіз болатын қажетті құжаттарды сұраған.
Заңгер "Телеарна жұмысын жалғастыра ма?" деген сауалға сот ұйғарымында телеарна мүлкі бұғатталатыны туралы жазылғанын айтты. Сот орындаушылары мүлікті кімге сақтауға берілетінін әзірге айтпаған.
19 желтоқсан күні кешке НТС телеарнасының кеңсесіне сот орындаушылары мен милиция барып, Бішкектің ауданаралық сотының телеарна мүлкін тізімдеу туралы ұйғарымын көрсеткен. НТС телеарнасының үстінен сотқа шағымды "Grexton Capital LTD" компаниясы түсірген. Сот ұйғарымында НТС телеарнасы үшінші тарап ретінде көрсетілген.
Қырғызстан парламентінің депутаты, 15 қазанда өткен президент сайлауында екінші орын алған Омурбек Бабанов НТС-ке қатысты жағдайды "рейдерлік" деп атады.
Abai.kz