Украина арнайы қызметі биліктен "ресейлік агентті" ұстаған
Украина қауіпсіздік қызметі (УКҚ) ел үкіметінде жұмыс істеп, Ресейдің мүддесі үшін тыңшылықпен айналысқан қызметкерді ұстағанын мәлімдеді.
Арнайы қызмет ұсталған шенеуніктің аты-жөнін атамай отыр. Бірақ оның жұмыс сапары кезінде ресейлік агентке тартылғанын және Украина үкіметінің құрылымы жөнінде "инсайдерлік ақпарат" жинаумен айналысқаны айтылады.
"Ол [ұсталған адам – ред. ] өте жауапты, Ресей арнайы қызметіне тиянақты түрде ақпарат беріп отырған", – деп мәлімдеді УКҚ барлау департаментінің басшысы Алексей Петров.
Abai.kz