Қазақстандық әдебиетке мемлекет қолдауы (І- бөлім)
Сұхбат барысында маған «біздің әдебиеттің және кітап нарығының дамуы үшін не істеуге болады?» деген сұрақты жиі қояды. Сұрақ осы, әрине, мұны шенеуніктерге немесе кәсіпкер баспагерлерге жөнелту керек, бірақ неге екенін, бұл сұрақты жазушыларға қояды. Өз кезегінде, жауап беру арқылы мен істің жалпылай жағдайын: мемлекет әдебиетті қолдаймай отырғанын, кітап басылымы аздығын, көп баспа типографияның шарттарымен жұмыс жасайтындығын, әдеби білім берудің жоқтығы жайында, қоғамдық бастамашы болып 9 жыл жұмыс жасап келе жатқан Қазақстандағы жалғыз әдеби мектебіміз туралы, 2 жыл жүргізген, аяқ астынан жауып тастаған «Әдеби клуб» телебағдарламам туралы т.б. әңгімеледім.
Мен біраз жыл бұл мәселелер белгілі бір құлақтарға жететін шығар, жағдай жақсарып бастайтын болар деп үміттендім. Бірақ, әдебиет төңірегіндегі әлем біржола тереңге батқан сайын мен бұрын ойлағандай емес, мемлекеттің қимылдауға құлықсыз екенін түсіндім. Ресми түрде әдебиетке ақша бөлінеді, қандай да бір конкурстар өткізіледі, сыйақылар тапсырылады, тек әкімшілік қабырғасынан тыс мойындауға лайық жазушылар мұндай той-томалақтан алшақ. Сондықтан да, қазір өздеріңізбен бірге біздегі әдебиетке деген қолдауды бажайлап қарағым келеді: ЕХРО-2017-нің сандаған отырыстары мен дөңгелек үстелдерінен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан бастап, өзге де ұлттық жобаларға дейін. Бажайлап қарау және осының барлығына жеке әдебиеттің қаншалықты қатысы бар екенін түсіну.
Қанеки, соңғы уақыттағы елеулі оқиғаларға назар аударайық:
1.Міне, мысалы, 2015 жылы Қазақстанда «Алтын Тобылғы» ұлттық әдеби конкурсы жарияланды.
Кез-келген сыйлықтың сапасы мен деңгейін анықтайтын үш негіз болады: бұл, кәсіби қазылар алқасы, үдерістің анық түсіндірілуі және оқырманның өзіне жаңа автор-лауреаттарды ашу мүмкіндігі.
«Алтын Тобылғының» осы үш негізіне де айтар уәжім бар.
Мысалы, сыйлықтың не ережесінде, не құлақтандыруында барлық қазылар алқасының аты-жөндерінің тізімі жарияланған жоқ. Қарапайым жағдайда бұл мәліметті ұйымдастырушылар жәй ғана жария етпейді, жарнамалайды да (жеке басымның әдеби конкурстарға қатысу тәжірибесі көп), өйткені сыйлыққа көзқарас және оған деген сенім қазылар алқасының құрамына байланысты. Спорттық гимнастикадан чемпионат болсын, әдеби байқау болсын, кез-келген жарыс тәуелсіз сарапшылардың, кәсібилердің бағасын талап етеді, ал керісінше жағдайда мұндай бәйгенің бағасы құнсызданады. «Алтын Тобылғының» қазылар құрамына шенеуніктер емес, кәсіби жазушылар мен сыншылардың кіргеніне сене аламыз ба? Ендеше, неге солай бола тұра, олардың есімдерін жасырады?
Ұлттық сыйлықтың қорытындылауы да айқын емес екендігін де қоса кету керек. БАҚ беттеріндегіге қарағанда ақпарат тым сараң берілді: конкурстың алғашқы кезеңінде жұмыстарды «проза», «поэзия», «драматургия», «балалар әдебиеті» және «Мәңгілік ел» номинациялары бойынша жинады, алайда төрт номинацияны ғана табыстады. Хабарланған «поэзия» номинациясы бойынша ешкім жұмған аузын ашпады. Номинацияның өзі де болмағандай, өтінім де түспегендей (тым құрығанда, конкурсқа өз жұмыстарын ұсынған бірнеше ақынды білемін). Не болғаны мен үшін әлі күнге түсініксіз.
Және, соңғы, үшінші нүкте- жүлдегерлер. Қанша қазақстандық әдебиетті барынша қадағалап отырсам да, олардың аты-жөндері маған түгелдей ерлік беймәлім. Тек менің прозадан семинар өткізетін әдеби мектебімнен 500 әдебиетші шықты. Ал, бұған шексіз Алматыдағы қазірдің өзінде аңызға айналған «Мусагет» қоғамының айналасындағыларды қоссақ... Онда, аттарын естімегендердің негізінен алғаны тіпті жақсы, себебі, кез-келген сыйлықтың міндеті- жаңа авторларды ашу ғой. Мәселе, бұл жазушылардың көбінің жұмыстарын ғаламтордан таба алмағанымда. Оқырман олар туралы жеке пікірін қалыптастыру үшін жүлдегерлердің туындыларымен қай жерден таныса алатындығын білмесе, бәйгеде не мән бар?
Есесіне, ғаламтордан «деби конкурстың алғашқы екі кезеңінің жүлдегерлері- яки «Қазақ әдебиеті», «Астана Ақшамы», «Айқын» газеттерінің, «Қазақстан», «Жетісу» телеканалдарының, «Ұлы дала әлемі» қоғамдық бірлестігінің т.б. қызметкерлерінің қысқаша өмірбаянын табу оңай. Шынын айтқанда, бұл мені алаңдатады. Сізді ше?
2.Енді, бірден тағы бір қазақстандық сыйлықты еске түсірейік. Жақында ғана бізде жаңа халықаралық «Рух» әдеби конкурсы пайда болды. Ол туралы сұрақтар «Алтын Тобылғыдан» аз емес.
Конкурсты 17-ші қарашада ғана жариялады-өтінімдерді қабылдау уақыты 18 күн ғана, өз-өзіне теңдессіз. Ал, қорытындысын 12-ші желтоқсанда жариялауға уәде беріп отыр! Яғни, хабарландыруынан марапаттауына дейінгі конкурстық кезең бар жоғы үш жарым апта. Ұйымсдастырушылар қалайша оқып шығып үлгеруі мен конкурстық жұмыстарды бағалауды осыншама қысқа уақытқа қалай жоспарлап отыр-жұмбақ. Өз тәжірибемнен төрелік ете аламын: осыдан тура бір айдай бұрын Ресейде өткен халықаралық әдеби конкурстың қазылар алқасында қызмет атқардым, тіпті 50 қысқа жұмыстардың өзін мұқият оқып шығу үлкен уақыт алады. Ал, «Рух» конкурсының сайтында қазірдің өзінде 900 өтінім түскен, олардың ішінде романның өзі 38-ақ!
Сонымен қатар, ережеде шешімді қазылар алқасы қабылдайтыны, бірақ конкурс қорытындысында ғаламтордағы дауыс беру қорытындылары да ескерілетіндігі көрсетілген. Мұның өзі екі есе ойландырады. Қазылар алқасы мүшелерінің аты-жөні тағы да белгісіз, демек, құзіреттерінің деңгейі де белгісіз. Онлайн дауыс бердің қорытындысы сену ақымақтық, бәріміз де кімнің шығармасының жақсылығы емес, кімнің досының көптігі жеңетіндігін білеміз.
Оның үстіне конкурс бірден үш: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, сегіз номинация: проза, поэзия, балалар әдебиеті, драматургия, сын жанры бойынша өткізілді. Бұл, демек, қазылар мүшелері тек қана кәсіби жазушы емес, барлық әдеби жанрларды талғамайтын, сонымен қатар шын мәнінде үш тілді меңгерген, бұған қоса бір күнде екі романнан оқитындай оқу жылдамдығы болуы тиіс. Құдды супермендер дерсіз.
Айтпақшы, конкурсқа қатысқан «танымал қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің» ұзын-сонар тізімін жасаса да, қазылар құрамын әлі жариялаған жоқ.
Сыйлыққа, әрине, әжептәуір ақша: 24 миллион теңге. Оның үстіне ең өкініштісі, қортындысы қазірден-ақ күмән тудырады. Дәл осы үшін менің таныс жазушыларым да, мен де бұл конкурсқа қатысудан бас тарттық.
Тағы да айтып өтерлігі, «Рух» конкурсының әр сегіз номинациясында екі жүлделі орын бар, бірақ, бірінші және екінші орын емес, гран-при және бірінші. Мұндайды алғаш кезіктіруім. Алайда, өзінсүйгіш менталитетімізге жарасып-ақ тұр- бәрінің дабырамен өткенін қалаймыз.Конкурс болса- халықаралық, сыйлық болса- басты болуы керек. Екінші болуды ешкім де қаламайды. Ұяттау секілді.
3.Атышулы хабарламаға тұздық болсын, осы жазда Алматыда ЕХРО-2017 аясында халықаралық әдеби биеннале өтті. Қазақстандық баспасөзде, оқиғаның құлаққағысында бағдарламада әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы лауреаттары, өзге де әдеби сыйлықтар иегерлері, көптеген танымал шетел жазушылары келеді деп хабарланған. Үлкен шара болатындығына сенгіміз келді. Уақыты жақындаған сайын бірнеше БАҚ әлемдік әдебиеттің нағыз супержұлдыздары Орхан Памук пен Мо Янь келуі керектігі жазылды.
Ақыры не болды? Биеннале өтті. Бәрақ әдебиет саласындағы Нобель лауреаттары, я болмаса шетелдің танымал жазушылары туралы ақпаратты еш жерден кезіктіре алмадым. Ал, әдеби қоғамның біраз бөлігі тіпті биеннале өтетіндігінен де бейхабар болыпты. Мұның өзі де еліктеу-солықтаудағы кезекті бір ойын секілді көрінеді. Шаралар өтпесе де, атышулы аты дерек ретінде тарихта қала берді.
4.Тағы есімде қалғаны, 2016 жылдың күзінде ұлттық кітапханада, мәдениеттің заңнамалық актлеріне түзетулер енгізуді талқылауға қатысты сұрақтарға, жұмыс тобының мәжілісі өтуі тиіс болатын. Сондағы, өзекті тақырыптың бірі жазушылық қаламақы көлемін өсіру турсында болды.
Сонда мен бізде мемлекеттік бағдарламардың аясында қаламақы тағайындайтын баспаханалардың бар екенін тұңғыш рет естіп білдім. Қойылған сұраққа байланысты таңғалғаным сондай, бұл іс-шараға мені шақырмаса да баруым тиіс екендігімді түсіндім.
Сонымен жиналыс жүріп жатты. Экранда жазушылардан алынған сұхбаттың шебер дайындалған бейнежазбасының үзінділері көрсетілді. Сондағы, бейнежазбадағы көтеріліген басты мәселе, қазақ әдебиетіндегі мемлекет тағайындайтын қаламақы көлемінің мардымыздығы туралы болды.
Бейнежазба көрсетіліп болғанан кейін сөз сөйлеу басталды. Әрі, қанша екені нақты есімде жоқ, әйтеуір артында көп нөлі бар сандар айтылған болатын. Кейіннен ғаламтор желісінен Қазақстан Жазушылар одағының бас хатшысы Нұрлан Оразалиннің «Осы уақытта мемлекет тарапынан әдебиетке 800 миллиондай теңге берілгенін және алдағы уақытта қосымша 1 млрд 600 милион теңге бөлінетіні» турасындағы сұхбатының үзіндісін кездестірдім. Сондағы бұл ақшаларды кімдердің алғандары қызық болып отыр.
Жақсы, бұл ақшанының қайда кеткенін құдай білсін. Мені алаңдатқаны басқа нәрсе. БАҚ-тың айтуына қарағанда мемлекет қолдауымен екі жүзге тарта, тек көркем әдебиетке қатысты кітаптар басылып шығуы тиіс болған. Сондағы бұл кітаптардың қандай және қайда екенін білетін адам бар ма? Ешкім білмейтін және ешкім оқымаған белгісіз бұл кітаптарды мемлекет не себепті қаржыландырып отыр?
Әдебиеттің сирек ұшырасатын шенеуніктерімен кездесе қалғанда, осыған қатысты мәселе көтерсек, кейде «Өздерің не бітірдіңдер?» деп қарсы жауап беріп жатады. Ондай болса келіңдер әңгімелесейік...
Менің мемлекеттік баспахана бағдарламасынан алған аздаған тәжірибем туралы әңгімелеп өтейін. Бір кездері Ресей мен ТМД арасындағы жас жазушылар форумының нәтижесінен кейін менің қолжазбаларым баспаханадан кітап болып басылып шығуы ұсынылды. Бұл ұсыныс ресейліктерге берілгенде олардың кітаптары Ресейдің Баспасөз және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің қолдауымен басылып шықты. Ал мен шетелдік болғандықтан шет қалдым. Форумның ұйымдастырушы әрі СЭИП қорынының президенті Сергей Филатов ҚР мәдениет және спорт министрлігіне хабарласып баспаға қолдау білдіру турасында өтініш білдірген болатын. Қоңыраудан кейін министрліктің адамдары мені рецензия үшін Қазақстан Жазушылар одағына жіберді. Жазушылар одағы рецензияны маған өзім жазуым керектігін айтып, сонымен қатар «Өгей өмір» кітабының атауын, мысалы, «Таң да атады» сияқты көңілідірек-әсерлірек етіп өзгертуге тырысып бақты. Күлкілі емес пе, солай ма? Қысқасы, тапсырыс министрліктің сөрелерінде екі жылдан артық уақыт жатты. Бұлай күте беруге уақытың жетпейді. Содан кейін, кітап Ресейде Мәскеу баспасынан басылып шықты.
5.Мәдениет саласы бойынша Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мемлекеттік шәкіртақысы туралы да айта кетейін. Өткен жылдың шәкіртақысын иемденген иегерлердің тізімін қарап шықтым. Ескерте кететіні, шәкіртақы ешқандай жүлде де,марапат та емес. Шәкіртақы жас талантарға материялдық қолдау білдіру үшін беріледі.
Тізімге 29 жазушы еніпті. Олардың орташа жасы 73 жас екен.
Тізімдегі кейбіреулердің аттары әр жылдары қайталанып отыратынын айтудың қажеті қанша? Ал бұл тізімдердің қалай жасалатыны туралы шынымды айтсам, түсіндіріп бер алмаймын.
6.Мұндағы барлық еліктеу-солықтаудың ойыны әдебиет өмірінде өз жалғасын тауып келе жатыр. Ойынның жаңа сатысы Қазақстан авторларын халықаралық көлемде «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен алға жылжыту болды. Бұл алда көптеген сауал тудыратын кезекті ой деуге болады.
Біріншіден, біз әлі де болса әдебиетімізді өз елімізде дамыта алмай отырмыз. Халқымыз өз авторларын танымайды. Мен студенттермен, мектеп оқушыларымен ұдайы әдеби іс-шараларда кездесіп отырамын және олардан «Қазақстанның осы заман жазушыларын танисыңдар ма?» деген сұрақты жиі қоямын. Ал, олардың атаған авторлары менің бес саусағымды толтыра алмайды. Тіптен, мемлекеттік бағдарламаларға ешқандай қатысы жоқ авторларды атайды. Сонымен қатар, бізде Қазақстан жазушыларын ешкім оқығысы келмейді, бәлкім оларды шетелде оқығысы келетін шығар? Сондықтан, алдымен әдебиеттегі рухани жаңғыруды өз Отанымыздан бастау керек шығар.
Екіншіден, көптеген дамыған елдерде, өз мәдениетін жетілдіру үшін, бірінші кезекте әлем әдебиетін өздерінің ана тілдеріне аударуға тырысады. Өйткені мұндай аудармалар болмайынша, әлемдік таным мен әлемдік мәдениет деңгейіне көтерілуге еш мүмкіндік жоқ. Қазақ тіліне әлі де болса көптеген шетелдік әдебиеттер аударылған жоқ. Мүмкін, қазақ әдебиетін шет тіліне емес, шетел әдебиетін қазақ тіліне аудару керек шығар? Менің көзқарасым бойынша, мұндай аудармалардың пайда болуы қазақ әдебиеті үшін өте маңызды. Себебі, бұл әрекеттер әдебиетіміздің дамуына айтарлықтай ықпал етер еді.
Егер сөз мемлекет қолдаумен болып жатқан аударма туралы болса, онда қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударылған аударма туралы ұмыт қалдыруға болмайды. Біз көп ұлтты елміз және бізде екі негізі байланыс тілі бар. Бірақ, неге екенін, мен әлі де болса біздің Юрий Домбровский мен Павль Залцман секілді классиктердің қазақша аудармаларын әлі кездестірмедім. Және қаншама орыс тіліне аударылмаған (немесе нашар аударылған) Абайдың, Мағжанның, Мұқағали Мақатаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Қуандық Шаңғытбаевтың шығармалары бар.
Және бұдан бөлек тағы не бар ?
Шындығында, Қазақстан авторларын шетелге танытудың ағымдағы «Рухани жаңғыру» жобасы мемлекеттік деңгейде ғана. Өздеріңіз төрелік етіңіздер. БАҚ-тың айтуы бойынша, жаңғыру үшін авторлар мен кітаптарды таңдауға қазақстандық қандай да бір комиссия құрылған. Одан әрі оларды БҰҰ тіліне аударып, шенеуніктердің ойлағанындай «әлемдік мәдени қорды қызықтыру» болып отыр. Аталған жобаның жетекшілерінің бірі Аида Балаеваның айтуы бойынша « Заманауи Қазақстан мәдениеті жаһандық әлемде», « Сыртқы істер министрлігі даму бастамасының механизмін белсенді түрде бастап кеткен». Ұйымдастырушылар әлемге белгісіз авторларды алып, олардың кітаптарын шет тілдеріне аудару керектігін айтып жедел түрде әлем мәдениетінің бір бөлігіне айналуды жоспарлап отыр.
Алайда, қаншама кітаптар мен көрмелердің және т.б түрлі іс-шараларды таныстырылымы өткізілгенімен, ол ешкімді шынайы мойындата алмайды. (Қазақстандағы «Хабар» арнасының «Рухани Жаңғырудың» Париждегі көрсетіліміндегі «...талғамды Париж қоғамы қолпаштап қол шапалақтады...» деген сюжетін есіңе түсіреді.) Нағыз салмақты шетелдік баспалар мен аудармашылар шынайы талантты авторларды өздері іздеп тауып олармен өздері жұмыс жасайды. Ал мемлекеттік шет елдерге танытушы бағдарламаларға қанша тырыссаң да зорлап болса да сүйкімді бола алмайсың.
Ең бастысы, мұның бәрі біздің елдің талантты заманауи авторлары түбі өзінің талантымен -ақ Қазақстанның ішінен жарып шығып ешқандай ақша мен байланыстың көмегінсіз пайда болады. Мысалы, бірқатар Қазақстандық жазушылар бүгінде Ресейде кітаптары басылып табысты жұмыс жасауда. Мен осы секілді соңғы жылдары шынайы халықаралық айтулы әдеби марапттарды иемденіп жүрген он шақты біздің авторларды атай аламын. Және, шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк және т.б ТМД елдеріндегі басылымдарда ұдайы жарық көріп жүрген авторларды да атап бере аламын. Бірақ, олардың бәрі ешқандай мемлекеттің қолдауынсыз-ақ жұмыс жасауда. Олар тіптен Қазақстан үшін мүлдем жоқ секілді. Бәлкім, жоғары жақтағылар білетін шығар, бірақ оларды жәй ғана шетке қағатын секілді. Мүмкін, оның себебі белгілі бір шеңберге жуық басқа полюстың адамдары мемлекеттік бағдарламалармен өзінің әдеби карьерасын осында жасағысы келетін шығар, ал енді олардың дені керісінше шетелде жасағасы келетін болды.
Бұл, әрине, толық тізімі емес- тек ең анық мысалдар. Әсерлеріңізді жинақтаңыздар, өтіп жатқандардың ең басты мақсаты- біздің әдебиетке серпін беру емес, біздің әдебиетке әлемді қызықтыру да емес, көзімізге қоқым үю ғана. Егер тереңірек қазбасақ, онда бізде халықаралық атышулы әдеби оқиғалар өтетіндігін, қазақстандық авторлардың шығармаларын бірнеше тілге аударғалы жатқанын, жыл сайын әдеби сыйлықтардың пайда болатынын т.б. батыл мәлімдеуге болады. Ал, шын мәнінде бұл атақтар жәрмеңкесі арқылы бюджетті игеру. Шамасы, біз ұлы халық болуымыз үшін жұмыс жасағымыз келмейтін секілді, бізге тек көршілерге көрсету үшін «Ұлы халық» деген жазуы бар медаль керек. Және дәл осы медаль үшін Талдықорған мен Қызылордадағылардың санасындағы модернизация (жаңару) туралы Парижде, Лос-Анжелесте сәнді тұсаукесерлер өткіземіз.
Илья ОДЕГОВ, жазушы
Орыс тілінен тәржімалаған: Еділбек ДҮЙСЕН, Тілек ЫРЫСБЕК
Abai.kz