Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 4476 1 пікір 21 Желтоқсан, 2017 сағат 11:22

Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасынан ресми жауап келді

Өткенде "Abai.kz" ақпараттық порталында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, Айтбай Әубәкіровтің есімін Қызылорда қаласына қарасты  Досан ауылындағы  мектепке беру туралы  мақала жария болды. Дәлірек айтсақ, жергілікті белсенділер портал редакциясына үшбу хат жолдап, өздерінің тілектерін білдірген еді.

Міне, арада көп уақыт өтпей-ақ, Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасынан ресми жауап келді. Онда аталған мақаладағы мәселемен жіті танысып, алдағы жылы Айтбай Әубәкіровтің есімін көшеге беру туралы ұсынысты қалалық ономастика комитетіне жеткізетінін айтыпты.


Қазақта «Ерім деген елі болмаса – Елім дейтін ері қайдан болсын» - деген аталы сөз бар. Халқымыз қашанда ардагерін ардақтап, ақсақалы мен қариясын құрметтеп қастерлей білген жұрт.  Өткенімізді санадан өшірмей, бір кездері ел үшін, жер үшін еңбек еткен ағалар қашанда зор құрметпен еске алынып, түрлі танымдық шаралар өткізу арқылы келешек ұрпаққа өнеге етіп келеді.

Сонымен қатар, олардың есімдерін ұлықтау, мәңгі есте қалдыру мақсатында жүргізілетін шаралардың бірі - нысандарға, көшелерге атау беру.

Бұл ретте, атау беруге уәкілетті, кеңесшілік орган - облыстық ономастика комиссиясы болып табылады.

Облыстық ономастика комиссиясының құрамына ғалымдар, тарихшылар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілген.

Атау берудегі түпкі шешімді комиссия мүшелері дауыс беру арқылы қабылдайды.

2015 жылы атау беру жұмысына мораторий жарияланды. Алайда, 2015 жылдың  аяғына дейін Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Кеңес Одағы Батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелерге, объектілерге т.б. беру жұмысын тоқтамнан тыс бір реттік қана жүзеге асыруға рұқсат етілді.

Осы ретте, Сыр өңірінен шыққан Кеңес Одағының Батырлары Тәйімбет Көмекбаевтың есімі Қармақшы ауданындағы №250 мектепке берілсе, Қызылорда қаласында орналасқан Тағзым алаңындағы «Батырлар» аллеясына Біліс Нұрпейісовке арналған мемориалдық тақта орнатылды.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы мен аудандардағы 93 көшеге, 2 мектепке өңірімізден Ұлы Отан соғысына қатысқан, бірқатар ордендер және медальдармен марапатталған  ардагерлеріміздің есімдері берілді.

А. Әубәкіров есімін мектепке беру туралы ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына 2016 жылы келіп түсті.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ономастика жұмысының критерийлерінің 25-5 бабының 5-тармақшасында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың есімдерін беру қарастырылған.

Аталған ұсыныс 2016 жылғы 22 қарашада өткен облыстық ономастика комиссиясында қаралып, комиссия мүшелері тарапынан қолдау таппады.

Әрине, А. Әубәкіров ағамыздың елді қорғаудағы ерлік істері мен бейбітшілік кезеңдердегі еңбектерін жоғары бағалаймыз.

Алдағы уақытта А. Әубәкіров есімін көшеге беру жөнінде мәселені қалалық ономастика комиссиясының қарауына  қайта ұсынған жөн деп есептейміз.

Қазіргі таңда негізгі әлеуметтік нысандарға кісі есімін беру мәселесінде тарихи тұлғалар мен Қазақстанның бергі тарихында жалпыұлттық  деңгейде танылған тұлғалар есімін беру басшылыққа алынуда.

А. Қайруллаев

Басқарма басшысы 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394