Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10914 0 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 08:41

Жігіттің жақсы болуы - нағашыдан...

Жігіттің жақсы болуы - нағашыдан, үйдің жақсы болуы - ағашынан. Ұлылардың нағашы жұрты жайлы не білеміз?

Абай мен Шәкәрім
Абай мен Шәкәрімнің үлкен нағашысы батыр, ауызы дуалы би , көк бөріні кие тұтқан - Ер Жәнібек.

Жәнібек батыр
Шежіре жөнімен таратса, Ер Жәнібектің үлкен нағашысы - атақты Қаз дауысты Қазыбек би, өз нағашысы - Сарыүйсін Досымбет(Досымбек) батыр.

Балуан шолақ
...Шешесі Қалампыр үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысқан, әйел болғанмен ерге бергісіз күші бар қарулы кісі екен. Балуан Шолақтың теңдессіз күш иесі болуы осынау анасына тартқандығынан деседі...

Қажы Мұқан
Қажы Мұқанның туған нағашы атасы Лек палуан ағаштарды тамырымен жұлып алуға шамасы жеткен атақты палуан. Үлкен нағашысы Бейсеу де аты мәлім батыр, анасы Кабира да аңызға айналған алып күштің иесі .

Мұстафа
Мұтафа Өзтүріктің үлкен нағашысы әйгілі палуан Қайысбай балуан, ол кісі де әруақты батыр, аты ұран болған Шақабай батырдың ұрпағы.

Әлихан 
Əлихан Бөкейханның анасы мен Шəкəрім Құдайбердіұлының анасы туған апалы-сіңлілі болған. Атақты Мамай батырдың немерелері. Бегім ханым ауылындағы бар адамға арабшадан сабақ берген. Тіпті, көрші ауылдағы жетім балаларды алдырып, сабақ оқытқан.

Ерқанат Тұрсынжанұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364