Сенбі, 23 Қараша 2024
3557 2 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 09:14

Түркияда 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыстан босады

epa06387396 Turkish President Recep Tayyip Erdogan speaks at a press conference after the extraordinary summit of the Organisation of Islamic Cooperation (OIC) in Istanbul, Turkey, 13 December 2017. Leaders of OIC gather in Istanbul after US president Donald J. Trump on 06 December announced he is recognising Jerusalem as the Israel capital and will relocate the US embassy from Tel Aviv to Jerusalem. EPA-EFE/SEDAT SUNA

Түркияда мемлекеттік қызметтегі 2746 адам "террористік әрекетке барды" деген сезікпен жұмыстан босатылды. Анкара өткен жылғы сәтсіз әскери төңкерістен бері әлі тазарту жүргізіп жатыр.

24 желтоқсанда жарияланған "Ресми хабарламада" жарияланған үкімет қаулысы бойынша 637 әскери қызметкер, 360 жандармерия қызметкері, 150 ғалым және университет оқытушылары қызметтен босаған.

Түрік билігі 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деп АҚШ-та жүрген Фетхуллах Гүленді айыптайды. 2016 жылдың жазынан бері Түркияда 110 мыңнан астам адам қызметтен босатылған немесе аластатылған. Гүленмен байланыста болған деген күдікпен 50 мыңнан астам қамауға алынған.

240 адам қаза тапқан мемлекеттік төңкеріс талпынысына Гүлен өзінің қатысы болмағандығын айтады. Ердоған билігі Гүлен қозғалысы қалдығына төтеп беру үшін репрессия қажет деп санайды. Құқыққорғаушылар болса, төңкеріс талпынысын Ердоған басқаша ойлайтындарды тұншықтыруға ілік етіп пайдаланып отыр деп санайды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366