Тәжікстанда жарлы-жақыбайларды қажылыққа жібермейтін болды
Тәжікстанда әлеуметтік жағдайлары аз қамтылған отбасыларды қажылыққа жібермеуі мүмкін. Дін істері жөніндегі комитет өкілдері болса, өздерінің шешімдерін әлеуметтік- экономикалық жағдайдың алдын алу деп түсіндіреді.
Елдің вице-премьері Азим Иброхим қала және ауылдан келген арыздарды қараған кезде, бірінші кезекте адамдардың экономикалық жағдайын тексереміз деген.
«Дін істері жөніндегі жергілікті комиссия келген өтініштердің бәрін мұқият қарайды. Себебі, адамдар қажылыққа бару үшін, қарызға белшесінен батып жатады. Тағы бір мынадай оқиға болған. Бір әйел қажылыққа бару үшін пәтерін сатпақ болады», – дейді ол.
Осының алдында тәжік билігі жасы 40-қа толмағандарға Меккеге баруға тыйым салған.
Abai.kz