Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
4741 0 пікір 26 Желтоқсан, 2017 сағат 09:19

Собчак Навальныйды сенімді өкілі болуға шақырды

Тележүргізуші Ксения Собчак Алексей Навальныйды президенттік сайлауға қатысуға жібермеуін "тым әділетсіз әрі биліктің кезекті үлкен қателігі" деп атады. Бірақ соған қарамастан, ол оппозиционердің бойкот жарияла деген үндеуінен бас тартты.

Собчак Навальныйдың 2011 жылы сайлау алдындағы "бойкот жұмыс істемейді әрі оның саяси күресте мағынасы жоқ, қазіргі президент Владимир Путинге ұпай жинауға көмектеседі" деген сөздерін мысалға алды.

"Мен түсінемін, дәл қазір Алексейге [Навальный] қаншалықты ауыр екенін, бірақ ортақ іс маңызды", – деп жазды Собчак инстаграмдағы парақшасына. Ол барлық демократиялық оппозициялық күштерді бірігуге шақырып, Навальныйға өзін кандидат ретінде ресми тіркеген жағдайда, сенімді өкілі болуға ұсынды.

Алексей Навальный 25 желтоқсанда өзінің алты жыл бұрын "сайлауға қатысып, "Единая Россиядан" басқа кез келген партияға дауыс беру керек" деп айтқан сөздерінен бас тартатынын мәлімдеді. Ол енді "кез келген Путинге қарсы дауыс" Путинге берілген дауыс болып есептеледі деп санайды.

25 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Алексей Навальныйды Ресей президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1568
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1175
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1090