Жұма, 22 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5095 49 пікір 26 Желтоқсан, 2017 сағат 09:26

Назарбаев: Мен Қырғызстан жөнінде нашар пікір айтқан емеспін

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен Астанада кездесу барысында қырғыз делегациясы көтерген мәселені Қазақстан шешуге дайын деп мәлімдеді.

«Біз тәуелсіздіктің 26 жылы бойында жұмыс істеп келеміз. Мен жеке басым Қырғызстан жайында жаман пікір айтқан емеспін және Қырғызстанға залал келтіретін бірде бір нәрсе жасаған жоқпын. Біз келеміз, кетеміз. Көрші елдер қалады. Бізге дейін болған. Бізден кейін де болады», - деді мемлекет басшысы Назарбаев.

Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға сапарлауға шақырғаны, президент болып сайлануымен құттықтағаны үшін алғыс білдіріп, оны "ақсақал" деп атады. "Биыл екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толады. Мәңгі достық туралы келісімге қол қойғанымызға 20 жыл болды. Бұл сапар осы айтулы даталармен сәйкес келіп тұр" деді Жээнбеков.

7 қазанда Қырғызстанның сол кездегі президенті Алмазбек Атамбаев президенттікке кейбір кандидаттар мен Қазақстан билігінің атына қатар сын айтқан. Оған дейін, қыркүйек айының орта шенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті сайлауына түсіп жатқан кандидат Омурбек Бабановпен кездескен еді. Ресми Бішкек мұны "Қазақстан жағының Қырғызстан халқының таңдауына ықпал етуге және Қырғызстанның ішкі ісіне араласуға тырысуы" деп бағалаған.

10 қазанда Қазақстан Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, шекараның қырғыз жағында жүк көліктерінің кезегі пайда болған. Шекарадағы мәселе Қырғызстан президенті болып сайланған Сооронбай Жээнбеков қызметіне кірісіп, 30 қарашада Минскіде Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейін ғана шешілген.

Abai.kz

49 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321