Ашхабад орталығында тұрғын үйлер жылусыз қалды
Қыс мезгілінде Ашхабад орталығында бірнеше тұрғын үйлер жылусыз қалып отыр. Мир-2 ықшам ауданының тұрғыны Аманмырат Бугаевтың айтуынша, соңғы үш күн бойы үйлерінде жылу болмаған.
"Екі күн бұрын Мир-2/1 ықшам ауданында №21 және №22 үйлердің жылуын өшіріп тастады. Бізге түсіндірулері бойынша, аталған үйлердің мұржалары жарылып кеткен. Оны жөндегенше, 236 пәтер жылусыз қалып отыр", - деп хабарлайды Аманмырат Бугаев.
Бугаевтың айтуынша 2016 жылдың жазында мұржаларды ауыстырған. Бірақ күзде орталықтандырылған жылуды іске қосқанда мұржалар бірінен кейін бірі жарылып кеткен. Бұл жағдай биыл да қайталанып отыр.
Abai.kz