Жұма, 22 Қараша 2024
4629 3 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 10:13

Қырғыз белсенділері Атамбаевтың сөз бостандығы саласындағы "еңбегін" ескерді

Қырғызстанда сөз бостандығын қорғау комитеті жылды қорытындылап, сарказммен бірқатар билік өкілдерін "марапаттады". Комитет мүшесі Әділ Турдукулов экс-президент Алмазбек Атамбаевты «Шектен шыққан сөз еркіндігі үшін» («Чектен чыккан сөз эркиндиги үчүн») "марапаттағанын" жеткізді.

Мұнан бөлек Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Әбділ Сегизбаев пен Жоғарғы сот төрағасы Айнаш Токбаева «Еркін ойлайтындарды қудалау» және «Соттар қалталы болды» деген номинация бойынша "марапатталған".

«Бұл адамдарды сөз еркіндігін шектеп, саясаткерлерді түрмеге жапқаны үшін марапаттағанды жөн көрдік», - деп түсіндіреді Әділ Турдукулов.

Сөз бостандығын қорғау комитеті 2016 жылдан бері еркін сөзге шектеу қойып келгендерге "сыйлық" тапсырады. Комитеттің мәлімдеуінше, Алмазбек Атамбаев басқарған кезеңде 30 саясаткер қуғындалған, журналистер қысым көріп, миллиондаған өтемақы төлеуге мәжбүр болып жатыр. Бірақ билік бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321