Жексенбі, 18 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3542 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 11:12

Ақтөбе облысында фосфорит ұнын шығаратын зауыт іске қосылды

Ақтөбе. 23 желтоқсан. ҚазТАГ - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында елімізде жарияланған Индустрияландыру күні аясында «Темір-Сервис» ЖШС-інің фосфорит ұнын шығаратын зауыты іске қосылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Зауыттың қуаты жылына 200 мың тонна фосфоритұнын құрайды. Өндірілетін өнім отандық АӨК-тің ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін қажет минералды тыңайтқыштарға деген сұранысын қанағаттандырады», - деп мәлім етті «Темір-Сервис» ЖШС-інің бас директоры Нұрдин Дамитов кәсіпорынның тұсаукесер рәсімінде.

Болжанып отырған өткізу нарықтары - Қазақстандағы және шетелдердегі дәнді және рапс дақылдарын өсіруші ірі ауыл шаруашылық өндірушілер. Жобаның құны Т2 млрд-тан асады.

Сондай-ақ, «Темір-Сервис» ЖШС Шиелісай фосфорит кен орнының базасында күрделі минералды тыңайтқыш - аммофос өндірісі бойынша ірі химия кешенін салуды жоспарлап отыр.

«Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру барысында «Темір-Сервис» ЖШС 200 жаңа жұмыс орнын құрды. Алдағы уақытта тағы мың жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі тағы бір қазақстандық өнім пайда болады»,- деп атап көрсетті кәсіпорын басшысы.

2010-2012 жылдарға арналған ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде елімізді индустрияландыру бағдарламасына кірген Ақтөбе облысында жоспарланған 33 жобаның 24-і 2010 жылы жүзеге асырылды. Инвестициялардың жалпы көлемі Т110,1 млрд. құрады, 5,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2710
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4442