Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2836 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 22:49

Жан Жақ. «Халық сөзі» қырқынан шықты

Жаз ортасында жарыққа шығып, өрелі пікір, өткір сөзге жол ашатын басылым ретінде бағытын анықтаған «Халық сөзі» әне-міне дегенше, қырқыншы санын қаттап үлгеріпті. Осынау мерейлі оқиғаны кеше Астанадағы Ұлттық Академиялық кітапханада өткен «Халық сөзін айтсақ...» конференциясының аясында атап өтті. Айта кетерлігі, бұл шара «Шығармашылық билет» қоғамдық бірлестігі мен аталмыш газеттің мұрындық болуымен ұйымдастырылыпты.

Жаз ортасында жарыққа шығып, өрелі пікір, өткір сөзге жол ашатын басылым ретінде бағытын анықтаған «Халық сөзі» әне-міне дегенше, қырқыншы санын қаттап үлгеріпті. Осынау мерейлі оқиғаны кеше Астанадағы Ұлттық Академиялық кітапханада өткен «Халық сөзін айтсақ...» конференциясының аясында атап өтті. Айта кетерлігі, бұл шара «Шығармашылық билет» қоғамдық бірлестігі мен аталмыш газеттің мұрындық болуымен ұйымдастырылыпты.

Сонымен, конференцияда айтылған көшелі сөздердің егесі кімдер еді десеңіздер... Мәжілісмен Жарасбай Сүлейменов қазақ басылымдарының арасындағы ынтымақтастықты арттыру қажеттігін айтты. «Бүгін, міне депутат ретінде емес, әріптес, журналист ретінде араларыңызға келіп отырмын. Біз үнемі ұлтымыздың құндылықтарын насихаттау, мүддесін қорғап, рухын биіктету тұрғысында ақсап жатамыз. Сондықтан, жаңа басылым оңшыл да, солшыл да болмай, туралығымен ерекшеленсе, тамаша болар еді» - дей келе, «Халық сөзінде» жақсы көрініп жүрген Өркен Кенжебек пен Әсия Бағдаулетқызына арнайы сыйлығын тапсырды. Бұдан арғы баяндамашылардың дені әңгіме төркінін газет дизайны мен интернет-журналистикадан тарқатты. Сейітқазы Матаев «Еліміздің ен жеріндегі аз халыққа газет таратуды «Қазпошта» қатырып жүрген жоқ. Алматыдан шыққан газет, мысалы Атырауға бір аптада жетеді. Демек, интернетпен ақпарат таратуға, қазақша газеттердің сайттарын жандандыруға қазірден күш салу керек» деген пікірін алып шықты. Журналистер одағының төрағасы оқырмандардың жасарып келе жатқанын әрі бұл контингенттің түелімен интернеттен контент іздейтінін алға тартты. «Келіспесеңдер, оны айтыңдар» деген Сейітқазы ағамыз жүргізген сауалналары бойынша бүгінгі таңда 15 пен 21 жас аралығындағы жастар ғана жаңалық іздейтінін «қауіп» қылды.

Бұл ойды «Нұр Медиа» холдингі бас директорының орынбасары Альберт Сафуллин де құптай кетті. «Біздің хатшымыз газеттерді жеткізгенше, барлық басылымдарды интернет сайттарынан оқып қоямын. Бұл дегеніңіз, бүгінгі интернеттің жаңалық таратудағы орнын ескеріп, мақаланы газетке басып қана қоймай, оның аудио я бейненұсқасы да сайтта болуы тиіс» - деген ұсынысын Альберт Төлегенұлы айтты. Мінберге шыққан «Abai.kz» порталының бас редакторы Дәурен Қуат та өмірден алынған мысалмен интернеттің өміршеңдігін айта кетті. «Өткен жазда Атырау облысының ең шеткі деген Қызылқоға ауданының, ең шеткі деген Қарабау ауылына жолым түскені бар. Сол ауылда интернет бар! Ал облыстық басылымдардың таралымы күрт төмендеп кеткен... Бұл да сол интернеттің ауылға жеткенінің «кесірі» - деген Дәурен ағамыз дәстүрлі журналистиканың айналыстан шықпайтынын да айтты. Әрине, газет-журнал сақталады-ау, бірақ «Мегалайнға» айына 4500 теңге төлейтін адам ақпараттың бәрін тұтына алады емес пе? Сондықтан.. қазақ газеттерінің электронды нұсқаларын күшейту керектігі айтпаса да түсінікті шығар.

Онлайннан ой қозғағандар фотожурналистика, карикатура, газет таралымындағы мәселелерді де айналып өтпеді. Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Ербол Шаймерден, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы Бауыржан Жақып сөз алып, газет ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Ақын Серік Тұрғанбеков жырдан шашу арнады. Конференция аяғында «Халық сөзі» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай келген қонақтарға алғысын айтып, басылымның бетті әм беделді болуына бар күштерін сарпитындарын айтты.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404